25.08.2021, 13:26
843
Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, — деп хабарлайды і COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады:1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі:ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасының көшбасшылары — ASHYQ қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін; сенбі күні — қоғамдық көлік қызметіне.2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін а. ж. 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері а. ж. 6 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарланды.
Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін мынадай тапсырма берді:
ВАК отырысында премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР