Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Сайт әкімшілігі

01.02.2021, 08:55

793

Бүгін Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

«Елордада бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі. Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады», — дейді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина тегін салдыра алады және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.

Бұдан бұрын да жазғанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталатыны хабарланған болатын.

Қазірде қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Ақпанда Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайна ТӘТТІМБЕТ 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51