Қазақстанда КСРО паспортымен жүргендер әлі бар

Сайт әкімшілігі

14.09.2020, 09:52

571

Ақтөбе облысында куәліксіз жүрген 18 тұрғын құжаттарын алды.

Мәртөк ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобымен 2019 жылы 28 адамға құжат берілген, биыл 1974 жылғы үлгідегі КСРО Қызыл паспорттарымен немесе туу туралы куәліксіз тұратын 18 адам құжатталған. Адамдар ондаған жылдар бойы құжатсыз өмір сүреді.

Себептердің бірі – заңгерлік сауаттылықтың өте төмен болуы: көбісі қайда жүгіну керектігін, қандай да бір анықтаманы қайдан алу және өтінішті қалай жазу қажеттігін білмейді. Көші-қон қызметі тобының аға инспекторы З.Ақзамованың айтуынша, көмекке жүгінгендер көбінесе әріптеп айтқан кезде ғана өтініш жаза алады. Нәтижесінде адамдар медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмектен айырылады.

– Адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болған кезде, олардың санаулысы құжаттарды өзгертуге немесе қалпына келтіруге тырысады. Жалпы, әрқашан сізге не болғаны маңызды емес, қазір өзіңіздің өміріңізді өзгертіп бастамасаңыз, жиырма жыл бойы құжаттар жасайсыз, – деп түсіндіреді З.Ақзамова.

Оның айтуынша, құжатты қалпына келтіру үшін орта есеппен алты ай, тіпті одан да көп уақыт кетеді. Оның барлығы қай елдің азаматы жүгінгеніне және оның қанша уақыт бойы құжатсыз жүргеніне байланысты. Кейде қолында бірде-бір құжаты жоқ адамдар келіп жатады. Кейде адамдар өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе тіпті туған күнін еске түсіре алмайды.

– Құжаттардың болмауы көбінесе Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты, – дейді Зульфия Ақзамова. – Тоқсаныншы жылдары мұрағаттар жоғалды, жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекеттерге кіру және шығу әрдайым дұрыс жазылмады, бұрынғы Кеңес Одағының құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі анықталмады.

Сондай-ақ, тұрғынның үйіне барып, жеке куәлікке ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биылғы жылы мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 15 тұрғын рәсімделді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51