Қазақстанда қай кезде ең қатаң карантин жарияланатыны белгілі болды

Сайт әкімшілігі

14.09.2020, 03:20

654

Қазір Қазақстанда 4 600 адам емделіп жатыр, егер олардың саны тәулігіне 30 мыңға жетсе, ең қатаң карантин енгізіледі

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді. 

«Карантин бойынша қатаң шектеу шаралары қай кезде енгізілуі мүмкін, „қызыл сигнал“ қай уақытта пайда болады деп сұрап жатыр. Барша қазақстандық және денсаулық сақтау министрлігі үшін дабыл қағатын көрсеткіш тәулігіне ауырып жатқан науқастардың саны болуы тиіс. Қазір Қазақстанда 4 600 адам емделіп жатыр. Егер олардың саны тәулігіне 30 мыңға жетсе, тиісінше, елде ең қатаң карантин енгізіледі», — деп түсіндірді Қожахметов. 

Ол коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында ауруханалар бір мезетте 70 мыңнан астам төсек-орын ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті. Оның үш мыңнан астамы жансақтау бөлімдерінде болмақ.

Соңғы деректер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны республикада 106 661 адамға жетті. Оның 94,1 проценті жазылып шықты.

Тегтер: індет коронавирус дерек дәйек ақпарат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 17:58
Алматыда сакура ағаштарын отырғызды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27