Қазақстанда қандай нөмірлі көліктерге тыйым салынатыны айтылды

Сайт әкімшілігі

09.08.2021, 14:08

5262

Салық органдары 30 қыркүйекке дейін елден шығарылуы тиіс шетелдік автокөліктер бойынша түсініктеме берді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік кірістер комитеті деректері бойынша, бұл талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есепте тұрған көліктерге қатысты емес. Сондықтан ресейлік, қырғыз, армян және Белорусь нөмірі бар жүргізушілер көлігін Қазақстанда одан әрі мініп жүре алады.

"Қазақстанда бір жылдан аса уақыт болған басқа да шетелдік автокөліктер еліміздің аумағынан ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусьтен де шығарылуы тиіс. Себебі, бұл елдер ЕАЭО аясында Кеден кодексін бекітті. Ол бойынша, басқа елдерден келген көлік кедендік баждарды төлемей, ЕАЭО аумағында бір жыл ғана уақытша бола алады. Бұдан әрі көлік одақтың бөлінісі үшін әкетілуі тиіс не оған кедендік баж төленуі тиіс.

Алайда пандемияға байланысты бүкіл әлемде шектеу шаралары енгізіліп, шекарадан еркін өту мүмкін болмады. Сондықтан шетелдік көліктердің бір жылдық мерзімі ұзартылды. Алайда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі азаматтарға айыппұлдары жоқ, мерзімі өтіп кеткен уақытша әкелінген автомобильдерді 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін шығаруға мүмкіндік берді", — деп түсіндірді салық қызметкерлері.

Шетелдік көліктерді әкету туралы талап ЕАЭО елдерінің бүкіл аумағына — Ресейге, Қырғызстанға, Арменияға және Беларуське қатысты.

"Қазіргі уақытта шетел азаматтары көлік апару үшін шекарадан өте алады. Сондай-ақ, егер олар өз бетінше экспорттай алмаса, тасымалдаушылар көмегіне жүгіне алады", — деп толықтырды МКК өкі

Тегтер: көлік тыйым шектеу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27