Қазақстанда қандай қылмыс жиі жасалынады?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

24.09.2020, 09:51

2825

Елімізде биылғы жылдан бастап, түрлі қылмыстарға қатысты құқықтық жауапкершілік  қатаңдатылды. Алайда, күшейген заңды көріп түзелгендер қатары артқан жоқ. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен аптада 3434 қылмыс пен құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде, ұрлық жасау қылмысы көш бастап тұр. Бір аптаның өзінде 1316 ұрлық жасалған. Бұл қылмыс әбестік пе, әлде әуестік пе?

Осы тұрғыда, заңгер Есбол Зеңгір қылмыскерлердің көбі – жұмыссыздар екенін айтады:

– Карантин кезіндегі болсын, жалпы, қоғамдағы қылмыстың көбеюіне әлеуметтік фактор, яғни табыс көзінің, отбасыға кірістің жоқтығы себеп. Мен, заңгер емес, қарапайым адам ретінде жағдайларын жақсы түсінем. Ай сайынғы төленетін несиесі, бала-шағасының сұраныстарын өтеуі керек. Алайда, тұрақты табысы жоқ, жұмыссыздық салдарынан, жеңіл олжаны көздейді. Мысалы, биылғы жылы алаяқтықпен ақша өндіріп алу көбейді. «Пирамида» деп, аталатын жүйе арқылы халықтың қаражатын  жинап, жеңіл жолмен пайда табуға талпынғандар көп. Оларға қолданылатын жаза –  3-5 жылға ғана бас бостандығынан шектеу. Алаяқтыққа жазаны қатаңдату қажет. Қылмыскер жазадан түрлі себептермен жалтарып кетпей, заң бойынша толық өтеуін қадағалауға тиіспіз. Құқықбұзушылық көлемін азайту үшін халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек деп ойлаймын.

Ақша ұрлағандарды тыя алмай жүргенде, адам ұрлағандарды қайтпекпіз? Елімізде өткен аптада жүргізілген жедел алдын алу шарасы нәтижесінде, адам саудасы бойынша 50-ден астам қылмыс анықталған. Оның ішінде:

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша – 1 жағдай;

Ересек адамдардарды саудалау бойынша – 2 жағдай;

Қара жұмыс пен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу тұрғысында – 3 жағдай;

Жөзекшелікпен айналысуға итермелеу – 6 жағдай;

Жеңгетайлық пен тән саудалау қызметіне жасырын бөлме арнау деректері бойынша– 41 жағдай тіркелген.

Қазақстанда аталмыш қылмыс түрі бойынша жыл сайын 180-нен аса жағдай тіркеледі екен. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың айтуынша, қылмыскерлердің көбі тұрмысы төмен отбасыдан шыққандар. Тағы бір сөзінде, айлы күннің аманында елімізде 1 200 адам іс-түссіз жоғалғандығын айтады Оның 20-сы бүлдіршіндер. Кезінде жайлаудағы үйір-үйір жылқысын өзгелер олжалап кеткенде, қазақ малына іздеу салатын еді. Ал бүгінде, мал түгілі, адам жоғалды десе де селт етпейтін сәтке жеттік. Неліктен, елімізде баласын жоғалтқан ана, атасын жоқтаған бала көбейген?

Осы орайда, әлеуметтанушы Жайна Ескелді былай деп пікір білдірді:

– Хабар-ошарсыз жоғалғандардың басым бөлігі құлдыққа түсіп қалып жатады. Көбінесе – ер адамдар. Сондықтан, жеке басты куәландыратын құжаттарға абай болу керек. Жасөспірімдердің жоғалуының басты себебі – ата-анасынан қараусыз қалуы. Яғни, ішімдікке салынып, баласының қайда, кіммен жүргенін қадағаламайды.

Құқықбұзушылықты азайтудың басты жолы – әлеуметтік жағдайды жақсарту. Алайда, бүгінде тек қылмыстың қынабын толтыруды әдетке айналдырып келеміз. Статистиканы сөйлеткенде шеберміз. Бірақ, шешімін айтқан шеберді жолықтыра алмай-ақ қойдық. Сондықтан, қылмысты жек көрсек те, қылмыскерді жек көре алмаймыз.

Тегтер: қылмыс ұрлық полиция заңсыздық фирма

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 11:03
Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
Мариям МАҚСАТ 10:59
Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 10:39
Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ
Бифат ЕЛТАЕВА 09:44
«Жасанды жолмен туған бала табиғи жолмен ұрпақ жалғастыра алмайды деген бос сөз»
Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:39
Көлеңкеде қалған ауыл жастары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 16:24
Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04