Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз

Әділ АҚЫЛБАЙ

11.05.2021, 09:11

4001

15 мың теңгені заңсыз алған дәрігер сотталып, 15 миллион теңгені заңды алатын министрлерге түк болмайтын мемлекетте тұрамыз. Өткенде телеарналардың бірі шу шығарды: Алматыда баз біреулер 15 мың теңге төлесең, сені коронавирусқа қарсы вакцина алған «ақ адам» етіп береді екен. Мұны жоққа шығармақ болған денсаулық сақтау басқармасындағылар бұлтартпас дәлелдердің қысымымен мұндай жағдайдың болғанын растап, вакцина алмаған адамды «вакцина алды» еткен медбикені ұстады. Бірақ басты күдікті болуы тиіс дәрігер-әйел қашып кетіпті, оны іздеп жатырмыз десті.

       Ресей вакцинасын өз халқына мәжбүрлеп тықпалау жағынан Қазақстан Ресейдің өзінен асып түсті. Мұндай жаппай мәжбүрлеу Ресейде жоқ.

Әлгі вакциналау паспортын сатумен айналысқан дәрігер қашып кетті деген денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстанда қанша адамның жалған вакциналанғаны белгісіз» дегенді шарасыз мойындапты. Тура бір «Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз» дегендей естіледі екен.

        Мәжбүрлесең, мә саған дегендей – ең алдымен вакцинаны өтірік ала салу – дәрігерлердің қолында тұрған нәрсе. Басшылар мен бас дәрігерлер, директорлар мен қаптаған тамыр-таныс барда, әрине, бұл тірлікті қатыра салу қиын емес. 

Алғысы келмесе де, «вакцина алған адам» болып тіркелуге мәжбүр болған басшылыққа бағынышты пақырлардан 15 мың теңге алған екен әлгі дәрігер. Сөйте тұра, мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтқандай, денсаулық сақтау министрлігінің шенділері түк бітірмесе де, өздеріне 15 миллион теңгеден сыйақы жаздыртып алады.

       15 мың теңге мен 15 миллион теңгенің арасында айырмашылық бар ғой?!

Айтпақшы, денсаулық сақтау министрлігі ертесінде-ақ «алатын премияларымыздың бәрі заңды» деп ақталып шыға келді. Біз кінәлі емеспіз, «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлық ақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы «кінәлі» екен. «15 миллион теңгеден сыйақы алғанымыз шындыққа сәйкес келмейді» депті, бірақ шындыққа сәйкес келетін сыйақы сомасын атамайды. Кім білген, алатын сыйақылары, бәлкім, одан да көп пе екен?

Тегтер: жемқорлық сыбайлас жемқорлық пара мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02