Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу форматы заңдастырылғалы жатыр

Сайт әкімшілігі

10.02.2021, 13:15

1288

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс жасауды құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы«заң жобасын қолға алды. 

Депутат Жәмила Нұрманбетованың айтуынша, бұл заң жобасын Парламент депутаттарының өзі әзірлеп, ұсынған.

Бүгінгі күні жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіруге мәжбүр болған тәжірибеміз еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсетті, — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, осыған байланысты заң жобасы қашықтықтан жұмыспен байланысты еңбек қатынастарын реттеуді қарастырады.

Бұл арада уақытша және аралас сияқты жаңа жұмыс режимдерін енгізу, жұмыс кестесін, жұмыс мерзімін, қызметкердің, сонымен қатар жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу ұсынылады. Жалпы, заң жобасының қабылдануы оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық сипатқа ие болады деп күтіледі, — деп түсіндірді Нұрманбетова.

Депутат Мәжілістің бейіндік комитеті заң жобасын 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін қолданысқа енгізіп, қорытынды жасауға дайын екенін айтты.

Тегтер: еңбек нарығы қашықтан жұмыс онлайн жұмыс заң

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 11:02
Бала тууға тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Бифат ЕЛТАЕВА 25.10.2021, 09:07
Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 09:06
Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01