Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды

Айжан БҮРКІТБАЕВА

28.11.2020, 16:52

559

Соңғы кездері «алаяқ әйел ұсталды», «тегін үш рет өзгертіп, 12 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел қолға түсті», "ғаламтор арқылы елден ақша ұрлаған әйел табылды" деген қорқынышты деректі жиі құлағымыз шалады.

Биылғы статистикадан сыр тартсақ, екен. Бұл көрсеткіш пандемия салдарына байланысты, әйелдердің шектен тыс эмоциясы әсерін жиілеп кеткен. 

2019 жылдың қорытындысына сәйкес елімізде әрбір оныншы кісі өліміне кінәлі — әйелдер екені анықталған. Әйелдердің қандықол қылмыскер атануына не себеп екенін психолог Асима Сырымтаевадан сұрап көрдік.  

– Әйелдер арасында қылмыстың көбеюіне әлеуметтік жағдай себеп. Қазір қоғамымызда әйел қолымен жасалатын қылмыс түрлері артып отыр. Оның ішінде адам өлтіру мен есірткі тасымалдау, ұрлық жасау секілді қылмыс түрлеріне баратын нәзік жандылар көп. Өмірде неше түрлі жағдайлар бар ғой. Ондағы тәрбие мен әлеуметтік жағдай да сан түрлі. Тағы бір айта кететін жағдай  қылмыстардың көбі ішімдік кесірінен жасаланып жатады. Тіпті, күйеуімен бірге ішіп, қылмысқа барып жататындар бар. Бұған көбіне әйелдер психикасының бұзылуы себеп. Ақша жетіспеушілік, агрессия салдарынан не істеп не қойғандарын білмей қалып жатады, – дейді психолог маман.

Әйелдер арасындағы қылмыстың басым бөлігін ұрлық, есірткі дайындау, тасылмалдау, сату, сақтау және алаяқтық құрайды екен.  Ал сирек кездесетін қылмыс түрі ретінде зорлық көрсету тіркелген.

Бұл туралы заңгер Азамат Тасманов былай деп пікір білдірді:

– Жасалған қылмысты қасақана және жазатайым деп бөліп жіктейміз. Мысалы, темір торға таңылған әйелдердің 68 пайызы  күйеулерінің қол жұмсауына қарсы әрекет көрсету барысында істі болғандар. Қалғандары ұрлық, алаяқтық, баласын далаға тастап кеткен аналар және т.б. болып табылады. Қылмыскер әйелдерге қолданылатын жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 72-бабы бойынша жас балалары бар, аяғы ауыр әйелдерге шартты түрде жеңілдетіледі. Яғни, мерзімінен бұрын босатылуына мүмкіндік бар.

Тегтер: қылмыс ұрлық полиция заңсыздық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30