Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев

Сайт әкімшілігі

20.01.2021, 12:00

905

 М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Меморандумға қол қою рәсіміне «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Евгений Кочетов қатысты.

Университет жанынан ашылған MEDIA CLUB пен «Медиа дамыту қоры» қоры бірігіп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісті.

«Медиа-клуб аясында журналистердің құқық, экономика салалы бойынша білімін арттыру мақсатында ZAN&MEDIA курсын бастадық.Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз. «Медиа дамыту қорымен» меморандум аясында БАҚ өкілдеріне кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал ететін шаралар өткізуге дайынбыз. Журналистер қауымына университет есігі әрқашан ашық, екі тарап бірігіп жақсы жобаларды жүзеге асырамыз деген үміттемін», — деді КАЗГЮУ Университетінің төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Ресми шара барысында «Медиа дамыту қоры» басшысы екі жақты келісім БАҚ өкілдерін оқытуда, саланың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының басты мақсаты – медиа сала мамандарының кәсіби потенциалын айқындау және біліктілігін арттыру арқылы медиа саланың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату. Ал, бүгін КАЗГЮУ университетімен жасасқан ынтымақтастық туралы меморандумымыз медиа саласы мамандарын оқытуына және бұл саланың дамуына өзіндік үлесін алып келеді деген сенімдеміз», — дейді Евгений Кочетов. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02