Қазақстанда сауатты бұқаралық қозғалыс ұйымдастыру қиын

14.07.2019, 16:06

163

Кез келген жеңіліскежеңілгеннің өзі кінәлі.

Тақырыптың уыты

Іс жүзінде өмірдегіпроблемалық ахуалдардың бәрінде

проблеманың өзі де,оның шешуі де сіз өзіңіз болып табыласыз

Дж. Кехо

Шаруатапты елдесауатты бұқаралық қозғалыс ұйымдастыру оңай емес. Аяқ астынан бұрқ етіп жататынстихиялық бүліктер көтеріліске айналып кетуі де мүмкін. Бірақ, олар бұқараарасынан шыққан, жартылай сауатты, шала патриоттар басқарғандықтан, түпкіліктінәтижеге жете алмайды. Жалпы Қазақстан тарихынан орын алған айқын мақсатсыз, сауатты бағдарламасыз,бейберекет әрекет  ететін  үлкен шудыңбәрінің барар жері біреу-ақ –аяусыз қатыгездікпен жаншылып тасталады. Қазақ тарихында осындай жүздеген көтерілістерболды. Бәрі нәтижесіз. 1986 жылғы Алматыда, 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиғаларда прогрестің іргетасын қалауға септігін тигізе алмады.

Бұл – қазақтарихында болған көтерілістерге берілген саяси баға. Саяси баға саяси тұрғыданберіледі. Ал түрлі саяси ұйымдардың ұстанатын тұрғылары мен идеологиялық бағыттарыәр түрлі болатындықтан, бағалар да түрліше болып келеді. Халық арасында желтоқсаншыларғаберілген бағалар әр түрлі. 1916 жылғы үлкен көтеріліс те нақты тарихи-менталдықбағасын алған жоқ. Соның салдарынан көпшілік А. Имановтың тарихи тұлғаретіндегі рөлін және оны алашордашылардың неге сотқа тартқанын білмейді.

Осыдан саяси бағалардыңкөтерілістердің шын мәніндегі тарихи маңызын ашып бере алмайтынына көзжеткіземіз. Тек тарихи-менталдық тұрғыдан зерттелгенде ғана революцияның қоғам тарихындағы маңызыобъективті ашылады,берер пайдалы тарихи сабағыайқындалады.Қазақ тарихындағы көтерілістердің ешқайсысы осы тұрғыдан терең зерттелген жоқ.Демек, қазақтың келесі сауатсыз бас көтеруін де (егер ондай бола қалса) жеңіліскүтіп тұр.  

Алматы оқиғасына қатысқанқазақ жастары аяусыз жазаланды: итке талату, оңалмастай мертіктіру, суық суғамалшындырып алып, аязды далаға тастау, бала таппайтындай етеміз деп, қыздардыжатырынан тебу,… сияқты жан түршігерлік, қотиындық көрініс берді. Бұлар –айтылып жүрген сөздер. Ал бұлардан басқа, дауыстап айтуға дәт шыдамайтын айуандықтарше? Оның бәрі ел есінде. Олар туралы айтуға мені де жүйкем жібермей отыр.

Осы оқиғаларға қатыстыбасы ашылмаған сұрақтар көп. Солардың кейбіреуін ғанақойғым келеді: Сол кезде Қазақстан билігінде болған, көтерілісті басуды ұйымдастырғанадамдар жазалаудың адам жанын түршіктіретін, аңға тән инстнктіге ұқсас, барып тұрғанқотиындық түрлерін қолданды. Бұқаралық қарсылық әрекеттерін адам шығынынболдырмай-ақ басудың амалдары бола тұра, олар антигумандық әрекеттерге барды. Неге?Биліктегілер өздері жатақханаларға үгітшілер жіберіп, жастардың алаңға көбірекжиналуын қамамасыз етуге тырысты. Қызмет бабына орай, олар керісінше, адамдардытыныштандыруы, олардың алаңға бармауын қадағалауы тиіс еді-ғой. Сонда оларкерісінше, адамдардың алаңға көп жиналуын, қайткенде қазақ жастарын көп жазалауғажәне жазаның адамды мертіктіретін, мүгедек ететін, тәнге зақым келтіретін түрлерінқолдануға ұмтылуы нені көрсетеді? Неге?

Сол кезде жастартолқуын басуды ұйымдастырғандар кімдер, тегі қайдан шыққан, билікке қалай келгенадамдар еді? Олардың адамгершілік-моральдық ұсқыны қандай еді?

Осы оқиғалар туралытомдар жазылды. Әлі де жазылып жатыр.

Шынтуайтынакелгенде, ол томдарда жазылғандар ұйымдасқанкөтерілістің жеңісінің емес, ұйымдаспаған бүліктің жанға батар жеңілісініңхроникасығана болып қалып отыр. Алматы оқиғаларынан кейін бұқаралық санағаалдағы күндерге деген сенім мен үміт ұялаған жоқ, ұлттық-оптимистік рух көтерілгенжоқ. Керісінше, халықтың еңсесі түсіп, санасына «көтеріліске шықсаң көрер күніңсондай болады» деген үрей ұялады. Оқиға еске түсіріп, көздің жасын сығымдайтын,нарративтік тарих деңгейінде ғана қалды. (Тек осы оқиғалар барысында биліктарапынан айуанға тән жауыздықтың зардабын шексе де, отаншылдық пен ерліктіңерен үлгісін көрсеткендерге риясыз тағзым ету лазым!). Ең бастысы, халық бұқарасы жеңілген көтерілістің тәжірибесіненкелесі көтерілістің жеңісін қамтамасыз ететіндей сабақ алған жоқ.

Алматы оқиғаларытек биліктегілер үшін ғана «жақсы сабақ» болды. Олар кез келген қозғалыстыбасудың әмбебап тактикасын қорытып шығарды: демонстранттардың бірінші қатарын қырыпсал, қалғандары тымтырақай қашады. Сонан кейін бағынышты БАҚ арқылы «бүлік ұйымдастарғандар–  есірткішілер, маскүнемдер, бұзықтармен ұрылар екен» деп жариялай бер. Билік 2011 жылы Жаңаөзенде дәл осылайістеді.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,«Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: azattyq.org

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15