Қазақстанда сот процесінің ашықтығы туралы жаңа жоба таныстырылды

Еркежан АРЫН

25.04.2021, 14:00

434

Жоғарғы Сот өкілдері, адвокаттар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен сот процесінің жариялылығы туралы жаңа қаулы жобасы ұсынылып отыр.

Журналистер, блогерлер, сарапшылар, заңгерлер, сондай-ақ азаматтық белсенділер сот ісін жүргізудің жаңа мүмкіндіктерін, заманауи технологияларды қолдану және жариялылық қағидаттарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді талқылады.

Халықаралық адвокаттар комиссиясының өкілі, сарапшы Дмитрий Нурумов жобаны таныстыра отырып, сот процесінің жариялылығы туралы жаңа жоба жасаудың не үшін қажет болғандығын атап өтті:

— Бұл құжатты әзірлеу кезінде жариялылық қағидатын жүзеге асырудың өзі, әсіресе, пандемия кезінде өзгеріп отыратындығымен түсіндіріледі. Қазақстан, бір жағынан, осыған дайын болды. Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстан онлайн режимін, оның ішінде ашықтық қағидатын іске асыруды қолдануға қиналмай көшті деуге болады. Іс жүзінде көп нәрсе жүзеге асты. Бұрынғыдай мәселелерді заңнамалық және нормативтік реттеу артта қалады. Дайындалған құжат осы саладағы жаңа нормативтік-құқықтық базаны жасауға үлес қосады деп сенемін. Жұмыс әлемнің көптеген елдерінде жүргізілуде, халықаралық заңгерлер комиссиясы онлайн-технологияларды қолдану бойынша ұсыныстар дайындады, — деді ол жобаның онлайн-талқылауы кезінде.

Бұл жаңа қарардың жобасы айтарлықтай ауқымды болып шықты.

Жалпы алғанда, ашық және жабық отырыстарды ұйымдастырудың әртүрлі ерекшеліктері бар. Олар нақтылауды талап етеді, өйткені дәл қазіргі қолданыстағы заңнамалық базада нақтылаудың болмауы судьяларға да, сот процесінің барлық қатысушыларына да көптеген техникалық және құқықтық мәселелер туғызып жтақаны анық. Заң негізінде құрылған құзыретті, бейтарап соттағы жариялылық — бұл кепілдік, әділ сот талқылауының ажырамас бөлігі. Екінші жағынан, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін жариялылықсыз сақтау өте қиын.

Д.Нурумов сот процесінің жария сипаты адам құқықтары мен заңдылықты құрметтеуге негізделген демократиялық қоғамға тән маңызды қағидат екенін баса айтты. Сарапшы сонымен қатар ашық тыңдаулар өткізу шарттарын атады.

«Сот ісін жүргізудің ашықтығы процеске қатыспайтын жеке тұлғалардың ашық сот отырысына қатысуын қамтамасыз етуі керек екенін атап өту маңызды. Бұл айқын позиция сияқты, бірақ Адам құқығы комитетінде қаралған мемлекет жариялылық қамтамасыз етілді, тек процесс атысушылары ғана болған істер бар. Мұндай жағдайларда Адам құқықтары жөніндегі комитет мемлекет пен сот жүйесі сот отырысында ақпараттың қол жетімді болуын және азаматтардың сот отырыстарына қатысу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін практикалық тетіктердің болуын қамтамасыз ету үшін іс жүзінде қандай қадамдар жасағанын қарастырады» дейді маман.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айшуақ Арай 17:07
Сатпаевтағы бұзақылыққа қатысқандар сотталды
Сайт әкімшілігі 11:57
Университеттер арасында алғашқы болып елордалық ЖОО «Ashyq» жобасын қолдады
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 09:19
Жат жерде белгісіз жағдайда көз жұмған қандастар
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды
Еркежан АРЫН 13.05.2021, 09:51
Волонтерлік – Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06