Қазақстанда табиғи сумен жабдықтау 4% өсті

Еркежан АРЫН

27.03.2021, 16:21

156

Су ресурстарының жетіспеушілігі проблемасы да Еуразия континенті үшін, атап айтқанда Орталық Азия мемлекеттері үшін басты мәселелердің бірі болып табылады. Су — ел дамуының басты факторы, ал су ресурстарының тапшылығы бүкіл аймақ үшін өзекті мәселе саналады.

2021 жылдың басынан сумен жабдықтаушы ұйымдар 236,4 миллион текше метр табиғи су жеткізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8% артық деген сөз. Оның ішінде, әсіресе, ауыз сумен қамтамасыз ету бір жылда 2,5% қосылды, ішуге жарамсыз — 4,6% артқан.

Соңғы 20 жылда «Ауыз су», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде республикада 48,2 мың шақырымнан астам инженерлік желілер салынды. Нәтижесінде, тұрғындарды сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілген көрінеді. Бұл бағдарламалар аясында тыңғылықты жұмыстың атқарылғандығын дәлелдейді.

Тартылғантауыз судың басым бөлігі Алматыға тиесілі: 20 миллион текше метр. Артынша Қарағанды ​​облысы мен Нұр-Сұлтан қалаларына келеді. Ал аймақтық көрсеткіш бойынша, ауыз судың ең көп мөлшері дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында: Қазақстан Республикасының 69,7% -ы немесе 100,4 млн текше метр. Ішуге жарамсыз судың айтарлықтай көлемі Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстарына жеткізіледі.

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою бойынша қызметтер, сондай-ақ ластануды жою бойынша іс-шаралар 2021 жылғы қаңтарда 20,1 млрд.теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 5,8% артық. Инфляцияны ескерсек, сектор 2,1% өскен.

Оның ішінде суды жинау, тазарту және бөлу 9 млрд теңгені, қалдықтарды тазарту және жою, сондай-ақ материалдарды кәдеге жарату және қалпына келтіру — 7,9 млрд теңгені, ағынды суларды жинау және тазарту — 3,2 млрд теңгені құрады.

ҚР Инвестицичлар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, өткен жылы өңірлерде жалпы құны 113 миллиард теңгенің 300-ден астам жобасы жүзеге асырылды:

  • қалаларда 49,3 миллиард теңгенің 70 жобасы;
  • ауылдарда63,7 миллиард теңгенің 234 жобасы.

2021 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 125 миллиард теңгеге 319 жоба іске асырылуда. Олардың есебінен сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету индикаторын қала тұрғындары үшін 98% дейін, ауыл тұрғындары үшін 91,8% дейін жеткізу жоспарлануда.

Осы жылдың қаңтарында сумен жабдықтау саласына күрделі салымдар 5,8 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4% артық. Сумен жабдықтауда жаңа технологиялармен қоса, жаңа материалдар да пайдалану маңызды. Судың сапасы мен зиянсыздығын да қамтамасыз ете алуы керек: демек, инвестициялардың көлемді болуы  шартты жағдай.

Күрделі салымдардың ең көп көлемі Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстарына тиесілі — бұл салаға салынған барлық инвестициялардың 69,2%. Инвесторлар бұл аймақтардың сумен қамтамасыз етуде талап ететін салаларды игергендігін де ескерітіні анық. Бұл бір жағынан, пайда табу көзі болса, екінші жағынан өндірістің де артуына әсерін тигізеді.

Осы жылдың ақпанында ыстық су ҚР тұрғындарына бір жыл бұрынғыдан 14,9%-ға қымбаттады — бір текше метрі 268,2 теңгеден. Елдің ірі қалалары арасында ең қымбат ыстық сумен жабдықтау Алматы қаласында (415,7 теңге), ал ең арзан — Павлодарда (152,5 теңге). Салқын су бағасы шамалы көтерілді — тек 1,3%, текше метріне 69,6 теңгені құрады. Жалпы, биылғы жылы барлық салалар бойынша бағалардың қымбаттауын байқауға болады: былтырғы пандемиядан кейін, салалар да тезірек аяқ көтеруге талпынып жатыр. Алдағы уақытта мұның барлығы да өз қалпына келеді деп сенеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58