Қазақстанда заңдар жаңаша жазылатын болды

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

29.05.2021, 10:01

3584

Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев сенаторлар алдында мәлімдеді. «Заңды жазуға жауапты органдар әуелі кеңесшілік сипаттағы құжат әзірлейді. Ол құжатта түйткілді мәселелер мен оларды шешу мүмкіндіктері көрсетіледі. Осы құжатты мүдделі топтар талқылағаннан кейін ғана заң жобасының концепциясы түзіледі», – деп атап өтті министр.

Заң жобаларын сараптамадан өткізуге бұрынғыдай бір мекеменің ғылыми ресурстарын тарта бермей, елдегі білім-білігі зор ғылыми сарапшыларды да кеңінен тарту ұсынылуда. Бұл бағыттағы бүкіл шаруаны заңдылық және құқықтық ақпарат институты үйлестіріп отырмақ. 

Сенаторлар ұсынылған түзетулерге қарсы емес. Сенатор Владимир Волков: «Кез келген заңға қойылатын талап – қолжетімділік, сапа және түсініктілік. Сол себепті заңдарды жетілдірумен қатар, оларды жазу және қабылдау процедураларын да жетілдіруіміз қажет», – десе, әріптесін қолдаған Сәуле Айтпаева: «Заң шығару саласындағы ең үлкен проблема қоғамдастық тарапынан кері байланыстың болмауынан, заңдарға енгізілетін түзетулердің әлсіз талдамалық негіздерінен, сондай-ақ заң шығару мен заңды іс жүзінде қолданудың арасындағы алшақтықтан орын алады. Дұрыс, заңдар қолжетімді, сапалы, түсінікті болуы тиіс. Сондықтан шетелдерде тиімділігін көрсеткен инструменттерді біз де өз қызметімізде қолданудан қашпауымыз керек», – деді.   

Дегенмен пікірлер екіге жарылды. Сенатор Қанатбек Сафинов заң жобасын жасақтаушылар басты назарды формалды сипатқа аударған, ал әлеуметтік тиімділік жағы ұмыт қалған деп есептейді.

– Сенат өткен жылы 110 заң жобасын қарап, қабылдады. Бірақ бесінші және алтыншы сессия барысында 18 заң жобасы кері қайтарылды. Тұтас алғанда Қазақстан Республикасында 2,5 мыңнан аса заң қабылданған. Соның 301-і ғана дербес заңдар. Қалған 90 пайызы оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ратификацияланған халықаралық келісімдер. Ағымдағы нормативтік-құқықтық актілердің өзі 51 мыңнан асып жығылды. Заңдар мен заңдық сипаттағы актілердің мұншалықты көп болуы біздегі тұрақсыздықтың көрсеткіші. Толықтырылмаған, өзгермеген бірде-бір заң жоқ. Бұл мемлекеттік органдарда жаңа функциялардың пайда болуына, штатының ұлғаюына әкеледі. Осыларды тоқтататындай алғышарттарды мен әлі көріп отырған жоқпын, – деді Қ.Сафинов.  

Алайда талқылаудан кейін сенаторлардың басым бөлігінің қолдауымен заң қабылданып, қолданысқа енді.

Тегтер: заң заң жобасы министрлік заңгер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39