Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн өтініш беруге болады

Сайт әкімшілігі

05.09.2020, 20:41

27

«Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру қызметі жетілдірілді. Енді оны мерзімі аяқталғанда, тегі, аты және әкесінің аты өзгергенде, құжат жоғалған немесе ұрланған жағдайда пайдалануға болады.

Қызметті жеке тұлғалар қолдана алады, оның нәтижесінде жүргізуші куәлігін жасау туралы хабарлама жіберіледі.

«Біз үнемі тәулік бойы бақылау жүргізіп, кері байланыс орнатып отырамыз. Азаматтардан түскен барлық ұсыныстар жеке жағдай ретінде қарастырылады және пысықталады. Сондай-ақ, бұл мемлекеттік қызметтерді онлайн алу процесінің жетілдірілуі мен оңайлатылуына ықпал етед», — деді ҰАТ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

• Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және коммуникация» қойындысын таңдау керек;

• «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау;

• Келесі – порталға кіріп, «Онлайн қызметіне тапсырыс беру» батырмасын басу;

• Барлық қажетті өрістерді толтыру, фотосуретті және қолтаңбаның үлгісін жүктеу;

• 3 472,5 теңге мөлшерінде төлем жасау(1,25 айлық есептік көрсеткіш) және қызметке ЭЦҚ-мен қол қою;

• «Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту» өрісін таңдаған кезде тегі, аты, әкесінің аты өзгергені туралы куәлікті жүктеу керек;

• Куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін 083-У медициналық анықтамасын, жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция бөлімінен анықтама қоса берілуі керек.

Қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп өзгертілді. Қазақстанда 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төлемдер мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеудің, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолданудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айлық есептік көрсеткіші 2 778 теңге болып белгіленді.

Еркежан АРЫН

Тегтер: құқық үкімет куәлік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27