"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы

Сайт әкімшілігі

13.05.2021, 13:03

657

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы "Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика  жұмыстарына конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес, сайлау, жұртшылықтың қатысуымен өтетін консультативтік жиналыстар, референдум, Парламент/мәслихат құрылымы мен жұмысы, заң шығару, жергілікті өзін-өзі басқару немесе басқа да демократиялық институтқа азаматтардың қатысуын инфографика арқылы жеткізу қажет.

Үздік үш инфографикалық жұмыстың авторлары ақшалай сыйлық алады:

Жүлделер:

3️⃣ орын — 70 000 теңге

2️⃣ орын — 130 000 теңге

1️⃣ орын — 200 000 теңге

Аталған байқауға тіркелетін инфографика төмендегі  критерийлерге сәйкес келуі тиіс:

⭕ білім беру және ағартушылық сипатта болу;

⭕ инфографикадағы және оның постындағы ақпарат шындыққа сәйкес келу;

⭕ нақты қоғамдық немесе азаматтық миссиясы болу;

⭕ саяси тұрғыдан бұрмаланбау (қандай да бір саяси партияның, қозғалыстың жұмысы мен мүдделерін жақтау мақсатында дайындалмау);

⭕ Инфографиканы жалпы сипаттамасымен, нақтылау үшін #lprcinphographics хештегін қойып әлеуметтік желілердің біріне жариялау. Facebook-те @lprckz немесе Instagram-да @Lprckz  парақшаларынын белгілеу қажет.

Жұмысыңыз осы критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда Сіздің өтініміңіз тіркелмейді.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқау шарттары:

⭕ Facebook немесе Instagram парақшаларының бірінде инфографиканы жариялағаннан кейін, кез-келген адам оған Like  басу арқылы дауыс бере алады. Дауыс беру 1 маусымға дейін жалғасады.

⭕ Инфографика жарияланғаннан кейін Орталықтың ресми парақшасы Сізге қатысушы нөмірін береді. Егер екі күн ішінде нөмір бекітілмесе, lprcalmaty@gmail.com почтасына  жазыңыз;  ⭕ Қатысушылардың парақшасы конкурстың барлық кезеңінде ашық болуы қажет;

⭕ 1 маусым сағат 23:59-да өтінімдерді қабылдау және лайк қою арқылы дауыс беру аяқталады;

⭕ Қазылар алқасы 8-маусым сағат 23:59-ға дейін байқау нәтижесін шығарады;

⭕ Жеңімпаздарды ең танымал 30 жұмыстың ішінен таңдалады.

Бағалау шарттары:  шығармашылығында графиканы пайдалану, жалпы визуалды тартымдылық, идея, тақырыпты ашу мақсатында  материалдың толық зерттелуі, мазмұны (суреттер, графиктер, пайымдау, диаграммалар), сауаттылық. Қазылар алқасы құрамында  белгілі журналист, саясаттанушы және қоғам қайраткері бар. Келесі жазбаларда байқау жайлы басқа да ақпараттар жарияланады.

Байқау  "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" ҚҚ ұйымдастыруымен, Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауы арқылы «Демократиялық тәжірибенің қоғамдық бастамаларға арналған бірлескен кеңістігі» жобасы аясында өткізіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39