Қазақстандағы ең жас автоэлектрик Ақтөбе облысында тұрады

14.12.2018, 22:33

34

Қазақстандағы ең жас автоэлектрик Ақтөбе облысына қарасты Шұбарқұдық ауылында тұрады. Жасы небары — 14 жаста. Ауыл  арасында  Серік ЖОЛАЕВТЫҢ  әжептәуір беделі бар. Әсіресе, көлігі барлар баланың мақтауын асырып жүр.Қарапайым ғана ауыл баласы бұл кәсіпке  әбден төселіп алыпты. Әуелі үйдегі тоңазытқыш, істен шыққан электр бұйымдарын шашып, қайта жинап машықтанған. Кейін қызығушылығы артқан  бала көліктерге ауысыпты. Ең алғашқы  жөндеген көлігі – ағасының автосы екен.Қазір Шұбарқұдықтағы шебер баланың атағы көрші ауылдарға да жеткен.  Алыстан ат терлетіп келген жүргізушілер  астындағы автосын Серікке бір қаратын алуды әдетке айналдырыпты.[caption id=«attachment_21299» align=«alignnone» width=«1280»]Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов қабылдады[/caption]«Серік – біздің оқушымыз. Сабақ үлгерімі жақсы. Оның физика, математика пәніне қабілеті зор. Сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатысады. Механика, техникаға машығы бар болғасын, сондай үйірмелерге жаздық. Баланың қалауы да сол болды. Әрі  электромеханика тақырыбында ғылыми жобалар жазып жүр, осының бәрін ескердік. Ал баланың кәсібіне келсек, сабақтан бос уақытында көлік жөндейді, оның ақысын ата-анасы қояды. Серіктің ата-анасы қарапайым кісілер. Әкесі көлік жүргізеді, анасы лаборант. Жуырда аудан әкімі Жолдас ҚАЛМАҒАМБЕТОВТІҢ қабылдауында  болдық. Сол жерде әкіміміз қандай көмек керек екенін, оқушымыздың арманы жайында сұрады. Ал бізге балаға қолдау көрсетуге тапсырма берді», — дейді Шұбарқұдық гимназиясының директоры Қайсар ҚҰЛЫМОВ.Серік Жолаев қазір гимназияның 9-сыныбында оқып жүр.  Арман-мақсаты айқын. Болашағын техникалық немесе инженер-автомеханик мамандығымен байланыстырғысы келеді.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52