Қазақстандағы мектептердің барлығында арнайы күзет болады - ІІМ

Сайт әкімшілігі

17.05.2021, 15:38

918

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев Қазақстандағы мектептердің барлығында арнайы күзет болатынын мәлімдеді.

«Бүгінде білім беру ұйымдарының көбі лаңкестік жағынан осал нысандардың қатарына енгізіліп отыр. Мамырдың басында «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Үкімет қаулысы қабылданып, жаңа талаптар бекітілді», — деді комитет басшысы.

Комитет төрағасының айтуынша, білім беру нысандары бақылау жүйесімен, ұжым мен келушілерді құлақтандыру құралдарымен, дабыл түймешегімен, рұқсатпен кіру жүйесімен және арнайы күзетпен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

Бүгінде 408 мектепте арнайы күзет бар, олардың барлығы ірі қалаларда орналасқан. Бұдан бөлек, мыңнан астам мектеп дабыл жүйесіне қосылса, 333 мектепте турникет орнатылған.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

Тегтер: оқу білім мектеп күзет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39