Қазақстандағы жемқорлықпен "электронды күрес" ЕҚЫҰ форумында талқыланды

Сайт әкімшілігі

10.09.2020, 13:00

162

Бүгін ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы болатын экономикалық-экологиялық форумы онлайн режимінде өтті, онда Антикор Төрағасының Бірінші орынбасары Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың электрондық технологияларын пайдаланудың қазақстандық тәжірибесі туралы айтты.

Атап айтқанда, ол шетелдік әріптестерін мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал ететін мемлекеттік басқарудағы цифрлық жаңалықтармен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету аясында мемлекеттік қызметтердің, лицензиялаудың, сот ісін жүргізудің, кедендік және салықтық әкімшілендірудің «электронды рельстеріне» көшу маңызды қадам болып отыр.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі компоненттерінің бірі – қоғамның қатысуы мен бақылау құралдарын дәйекті түрде кеңейту.

Электрондық үкіметтің дамыған архитектурасы Қазақстанның әрбір азаматына үйден шықпай-ақ бюджет шығыстарын қадағалауға, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға, кеңестер мен шағымдарға онлайн режимінде жүгінуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиімділігін ашық бағалауға мүмкіндік береді.

Форумға қатысушылар Қазақстанда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы цифрлық құралдардың прогрессивтілігі мен тиімділігін жоғары бағалады.

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, елші Питер Буриан Қазақстан Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын және халыққа  Жолдауында айтылған қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі нұсқаулықтарын ерекше атап өтті.

Еркежан АРЫН

Тегтер: жемқорлық коррупция электронды күрес

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51