17.03.2023, 17:24
693
Биыл дүниежүзі бойынша дарынды балаларға арналған үлкен дода басталды. Яғни, бұл Азия–Тынық мұхиты мен «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиада саналады.
Аталмыш олимпиадаға еліміздің атынан әр өңірден 157 оқушы қатысады. Оның барлығы дерлік осы уақытқа дейін түрлі деңгейдегі жарыстардан «Математика» пәні бойынша республикалық олимпиадалардан жүлдегер атанып келген оқушылар. Осы уақытқа дейін, нақты айтқанда 2003 жылдан бастап, Азия-Тынық мұхиты мен «Жібек жолы» олимпиадасына жылда жүз жиырмадан астам оқушы қатысып, жүлделі орындар алып келген екен. Бұл туралы «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Абай Дүйсен «өткізіліп жатқан зияткерлік жарыс математика ғылымы саласындағы оқушыларды анықтап, шараға қатысатын елдер арасында дарынды балаларды дамытуға, қолдауға бағытталған. Жыл сайын қазақстандық дарынды оқушылар бұл жарысқа қатысып, 65 алтын, 182 күміс пен 302 қола медаль жеңіп келді» дейді.
Еліміздегі «мен» деген дарынды балалар Азия-Тынық мұхитындағы олимпиадаға Гонконг, Жапония, Канада, Австралия, Қазақстан, Корея, Малайзия, Америка Құрама штаты, Түркия, Мексика және тағы басқа 38 ел қатысып, бақтарын сынайды.
Жалпы еліміздегі балалардың білімге құштарлығы қуантады. Олар тек білімге құштар болып қана қоймай, көптеген халықаралық жарыстарға қатысып, қоржындары бос қайтпай, Қазақстанның атын кең тарапқа таныстырып келеді. Ал дарынды оқушыларды қалай анықтаймыз? Деген сұраққа келсек, жыл сайын Қазақстанда математика-механика саласы бойынша зерттеу жобалар конкурсы өткізіліп тұрады. Биылғы жарыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ХІІІ халықаралық конкурс өткізілді. Конкурсқа Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан Республикаларынан 150 оқушы қатысқан болатын. Жас математиктерге арналған сайысының жеңімпаздары арнайы жүлдеге ие болды. Байқау туралы Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева «Алматы қалалық мектеп оқушылардың жеңісіне әрдайым қуаныштымыз. Биыл тағы да жүлделі орындарға ие болуымен құттықтаймыз. Білім алуға деген ынталары ешқашан сөнбесін. Халықаралық байқау жыл сайын ғылыми-зерттеуге қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау үшін өткізіліп тұрады. Осылайша, нақты ғылымды зерттеуге ынталандырамыз» дейді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР