22.11.2020, 12:19
1038
Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов вакцинаның тағы бір үлгісін, бұл жолы мұрын жолдарына салды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz -ке сілетеме жасап.
«Бүгін зертханалық жануарларды тағы бір иммундау үшін COVID-19-ға қарсы (нанобөлшектерге негізделген интраназальды) NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгілерін дайындадық. Күтпеген жерден вакцинаның қалдықтарын өзіме егуді шештім, босқа қала ма енді (20 мкг Spike/RBD ақуызы). IgA (секреторлық) класының антиденелерін қалыптастыра ала ма екен, қызық, олардың көпшілікке белгілі IgG-ден айырмашылығы, IgM антиденелері тыныс алу органдарының шырышты қабығындағы COVID-19 вирусын бейтараптандыруға және сол арқылы инфекцияны ары жібермеуге қабілетті», — деп жазды Табынов.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР