28.03.2023, 15:53
726
Еліміздегі этносаралық қатынастар саласының дамуы мемлекеттік саясаттың қызметімен ұштасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында республикамыздағы ұлттар арасындағы татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуды басым бағыт ретінде сипаттады. Бүгінде бұл бірегей институт қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық құндылықтарды қорғап отырған тегеурінді ұйым саналады.
«Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді» деп атап өткен болатын. Бұдан бұрын елімізге сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан мен Пан Ги Мун. Анығында, «Әр алуандықтағы бірлік» тәуелсіз мемлекетіміздің құндылығына айналған. Ал ассамблея –стратегиялық сабақтастықты ілгерлетуге күш салып келеді. Айталық, осы уақыт аралығында еліміздің барлық облыстарындағы Ассамблея жанынан Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, медиатор, ғылыми-сарапшылар кеңесі, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтар, масс-медиа, жастар қозғалысы, ҚХА кәсіпкерлері қауымдастығы құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Мұның сыртында, этносаралық қоғамдық институт қайырымдылық іс шарасымен айналысып, волонтерлік қозғалыстардың ісін ілгерлетуге де ат салысты. Ассамблея – қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыруға ұйытқы болып отырған бірден-бір ұйым екенін айтпасқа болмас. Соның арқасында қазір әр өңірде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп сөйлейтін. Осы сөзді қағидаға айналдырған ұлттар көбейіп келеді. Бұл да өткенге құрмет, бүгінге өнеге жолы.
Қорыта айтқанда, қиын кезеңде тарих пен тағдырдың теперішін қатар көрген этностар қазақтармен бір халыққа айналды. Әрқайсы еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Олар өмір жолы ұсынған баға жетпес мұндай байлыққа ынтымақ пен бірлік арқылы жеткенін мойындайды.
Жақында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXII сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Сәуірдің 26-27 күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін сессияның тақырыбы: «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» деп аталады.һһһһһ
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР