Қазақстандық вакцинаны зерттеуден өткізуге ДДСҰ рұқсат берді – Цой

Сайт әкімшілігі

14.10.2020, 07:58

561

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге ресми түрде келісім берді. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация жасататын контингентті кеңейтуді ұсынады, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге ресми түрде рұқсат берді. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында 2020 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеудің I кезеңін жүргізуге рұқсат берілді. 17 қарашада II кезеңнің клиникалық зерттеулері және 2021 жылдың 24 сәуірінде III кезең аяқталады», — деді А.Цой.

Елдің COVID-19 вакцинасына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияланатын қауіпті топтарды анықтады: олар 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Алдын ала есепке сәйкес, республика бойынша 2,8 млн адам немесе халықтың 15% вакцина салдыруы тиіс. Ол үшін 5,6 млн доза вакцина қажет.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды
Сайт әкімшілігі 12:20
«100 нақты шара». Nur Otan жастарға қандай қолдау көрсетеді?
Сайт әкімшілігі 10:02
Абайлаңыздар, Алматы қызыл аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 09:39
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың саны артты
Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32