Қазақстанға қатты құрғақшылық келе жатыр

Әділ АҚЫЛБАЙ

01.07.2021, 07:24

2356

        Биыл шөп жоқ. Жылда шабындығынан төрт-бес тележкі шөп тасып әкелетін Алматы облысындағы ауыл тұрғыны биыл бір-ақ мәшине шөп шауып алғанын айтып қынжылды. Құрғақшылық қиынға соққалы тұр. Климаттық апат алдындамыз деуге болады. Алдағы бірер жылда су мәселесі үлкен саясатқа айналатын түрі бар. Өйткені су қоры қатты азайып жатыр.

        Бұл мәселеге байланысты экономист Алмас Шокин былай дейді:

    – Құрғақшылық деген үлкен көкейкесті мәселеге айналды. Қазір елдің бәрінің айтатыны сол. Мал жаятын жер қалмады, шөп жоқ. Құдық атаулының бәрі кеуіп кетті. Бұл тек Орталық Азиядағы елдердің басына түскен қасірет емес, батыс елдері мен АҚШ-та да осындай жағдай туындады.

       Менің зерттеуімше, бізді алда бірнеше жылға созылатын қатты қуаңшылық күтіп тұр. Бұл жердегі «бізді» дегенім – Тянь-Шаньға тәуелді Оңтүстік Қазақстан өңірі. Орталық Азияның қалған өңірлерінде де құрғақшылыққа өз себептері бар.

       Мұздықтар еріп жатыр. Бұл таза факт. Соңғы 30 жылда жаһандық жылыну салдарынан біздің тауларымыздағы мұздықтардың 30 пайызға жуық көлемі еріп кетті. Әсіресе 3500 метр биіктіктен төмен деңгейдегі мұздықтарымыз жойылып болды деуге болады. Табиғаттың заңы солай ғой, биіктеген сайын салқын болады. Сонымен, ери алатын мұздарымыздың бәрі дерлік осымен еріп бітті. Бұдан кейін жаздың ең ыстық кезеңдерінде бұрынғыдай бізді «қосымша сумен» қамтамасыз етіп келген мұздық қалмады. Енді келсе, өткен қыста түскен қардан ғана су келеді. Ал егер қыста қар аз болса, келесі жазда су мүлдем болмайды.

                              Сурет тұрсын мұнда!

        Мен Алматының соңғы 150 жылдағы жауын-шашыны жөніндегі статистиканы тауып алдым. Сосын, біздің тауымыздың 1988 жылы түсірілген суреттерін алдым. Әлгі мұздықтардың 1988 жылғы шекаралары мен өткен жылғы шекарасын салыстырғанда – бәрін өз көзімізбен-ақ бағамдай аламыз. Сызылған сызықтар мұздықтардың 2020 жылғы шекарасы. Ал суреттің өзінде мұздықтардың 1988 жылғы жағдайы көрсетілген.

        Жалпы, жаһандық жылыну деңгейі бойынша 2019 жыл әлем бойынша рекордтық жыл болды. Бізде де күннің жылынуы өткен рекордтарымыздан 1,5 есеге жоғары болды. Ал биыл тіпті одан да қиын болып барады. Тауда қар аз қалды.

         Бұл мұздықтар бұрын атқарып келген тағы бір функциясын қазір атқара алмай қалды. Орталық Азияға батыстан, Каспий мен Қара теңіз жақтан немесе солтүстіктен келетін ылғалды жылы ауа тауға жеткенде қарға айналып, тауға қонатын. Осылайша ол Үндістанға бармай қалатын. Оларды қақаған аяздан сақтап қалатын. Кейде таяу оңтүстіктен, Ыстықкөлден күркіреген жаңбыр ауып келетін. Енді күннің жылынуымен ауаның бұрынғыдай ылғалды емес, құрғақ болуынан әлгі жаңбыр бізге жетпей қалды. Бізге дейінгі бір жерлерді топан су басып қалып жататыны да содан. Енді қалайда атмосфераға небір улы газдар мен заттардың тарауын төмендету керек, әйтпесе біз климатты құртып тынамыз,­ – дейді ол.

Тегтер: қуаңшылық құрғақшылық мал шаруашылығы мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15