Қазақстанның барлық тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Еркежан АРЫН

21.05.2021, 09:45

171

Биылғы жылы республикалық бюджеттен 303 жобаны іске асыруға қалалар мен ауылдардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 100 миллиардтан астам теңге бөлінді.

3 облыста, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала тұрғындарының 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ауылдық жерлерде сумен жабдықтаудың ең үлкен қамтуы Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында байқалады.

Десе де, еліміздің кейбір аймақтарында артта қалған өңірлер бар: ауыз сумен қамтылудың төмен деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында байқалады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен қайта жаңартуға барлық көздерден 934 миллиард теңге қарастырылғанын айтқан болатын:

— Бүгінгі күні республикада 6341 ауыл бар, оның ішінде 4078 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 279 ауылда күрделі блоктық модульдер орнатылған. 1166 ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы жалғасуда », — деп айтты ол.

Қалған шағын ауылдарда, Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, отандық өндірістің кешенді су тазарту қондырғылары орнатылады. Ауылдардың сумен қамтамасыз етілуін бақылау мақсатында жауапты министрлік қазіргі жағдайды көптеген параметрлер бойынша көрсететін интерактивті карта әзірлеп, іске қосқанын атап өткен жөн.

Республиканың 53 қаласында ағынды суларды тазарту құрылыстарын салу және жаңарту жобаларын іске асырылып жатыр. Осы ретте халықаралық қаржы ұйымдарымен шамамен 330 миллиард теңгенің бюджеттен тыс қаражатын тарту туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар 6 қала үшін (Ақтөбе, Аягөз, Қапшағай, Қарағанды, Пришахтинск, Риддер) техникалық-экономикалық негіздемелер дайындалып, сараптамаға ұсынылғанын болатын. Жобаларды ЕҚДБ-нің 90 миллиард теңгеге жуық несиесі есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Пандемияға байланысты былтыр тоқтап қалған жобаларды 2021 жылдың бірінші жартысында жүзеге асыру қажет деп танылған еді.

Бұрын сапалы сумен қамтылмаған 37 ауылдық елді мекенде жаңа су құбырлары салынуда, 45,7 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ескі сумен жабдықтау жүйесі бір қалада және отыз тоғыз ауылдық елді мекенде қалпына келтіріледі. Өз кезегінде, бұл екі жүз сексен жеті мың тұрғынның ауыз су сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«2020 жылы үш топтық су құбырының құрылысы басталды. Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Макинск және Ақтөбе облысындағы Жаныс би топтық су құбырларының жаңа құрылысы; Қарағанды ​​облысында «Ескулинский» топтық су құбырының жаңа тармағының құрылысы. Бұл топтық су құбырлары 2021 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі», — деді экология министрі М. Мирзагалиев.

Сонымен қатар, ол 3 ауылдық елді мекенде тұратын 1,3 мың адамға сапалы ауыз су алуға болатындығын айтты. Яғни, тоқсан төрт мың тұрғынның ауыз суының сапасы жақсарады.

Жалпы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін сумен жабдықтаудың топтық жобаларына 133,1 млрд. теңге, соның ішінде жаңа топтық су құбырларын салуға – 14,5 млрд. теңге, ал қайта құруға – 118,6 млрд.теңге бөлінді.

5 жыл ішінде Қазақстанда 3 мың шақырымнан астам топтық су құбырлары салынады. Ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 100% дейін жеткізу жоспары бар.

Соңғы 20 жыл ішінде «Ауыз су», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде елде 48,2 мың шақырымнан астам инженерлік желілер салынды. Осы шаралардың барлығы халықты тиісті ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталғандығы белгілі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29