01.02.2021, 09:13
1341
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқа ресейлік Sputnik V вакцинасы егілді, деп хабарлайды «Жас Алаш» Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрігерге қаралды. Вакцинация алғаннан кейін оларды 30 минут бақылайды.
Ресей Федерациясында өндірілген Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға 31 қаңтарда 22 мың доза мөлшерінде жеткізілді, ол барлық аймақтарға таратылатын болады.
Вакцина тек ересек адамдарға ғана салынады.
Ресейде жасалған вакцинаны бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалары мен ковидтік орталықтардың дәрігерлері алады.
Ақпан айында жүз мыңға жуық қазақстандық дәрігер вакцинаны алады, деп жоспарлануда.
Сәуір айынан бастап 75 мың дозада отандық QazCovid-вакцинасымен ай сайын 500 мың дозаға дейін вакцинациялау жоспарланып отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР