Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Сайт әкімшілігі

19.09.2020, 05:37

807

Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. «Қазгидромет» болжамы бойынша 19 қыркүйекте Ақтөбе облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 19-20 қыркүйекте Алматы облысының кей жерлерінде түнде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 19 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ, күндіз нөсер жаңбыр жауады. Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылап, ауа райына байланысты ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15