Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеу енгізілді

Сайт әкімшілігі

09.11.2020, 03:05

380

Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді. 

 9 қарашадан бастап Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді.

Атап айтсақ, 9 қарашадан бастап Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокпост қойылды. Олар Мамлютка қаласы, Бескөл ауылы, Булаев қаласы, Солнечный шағын ауданы және Шаховское елді мекені бағыттары бойынша орналасады.

Сонымен қатар, Қостанай облысында да карантин шаралары қайта күшейді. Бүгін өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды. Санитарлық бекет орнатылған аумақтарға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барды.

Оның айтуынша, соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осыған байланысты covid-19 ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады.

9 қараша сағат 00.00-ден бастап өңірде 12 санитарлық бекет жұмысын бастады. Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №13 қаулысына сәйкес 9 қарашадан бастап Павлодар қаласына адамдар себепсіз кіре алмайды.

Қаулыға сәйкес Павлодар қаласына кіре берісте блокпостар қойылады. Сондай-ақ, бірқатар ұйымдардың жұмыс уақыты қысқарады. Қаулының толық мәтінімен мына жердан танысуға болады.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36