Қазақстанның халықаралық бастамалары мен саяси реформалары Оңтүстік Африкада қолдау табуда

Еркежан АРЫН

19.04.2021, 11:30

197

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағдарламасы Оңтүстік Африка Республикасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Яғни, Елбасының Ядролық қауіпсіздік және Ядролық қарудан азат әлем үшін көшбасшылардың жаһандық альянсының шеңберін кеңейту, сондай-ақ Астана клубының ашық үндеуін насихаттау жөніндегі жаңа халықаралық бастамасы Оңтүстік Африканың көрнекті қоғам қайраткері Ндилека Мандела (Оңтүстік Африка Президентінің үлкен немересі және Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела) және Африка Одағының Атом энергетикасы жөніндегі Африка Комиссиясының (AFKONE) Атқарушы хатшысы Баалихуамер тарапынан қолдау тапты. 

Қазақстан елшісі Қанат Тұмышқа жазған хаттарында олар жоғарыда аталған бастамалардың ізгі хабарларымен бөлісетіндіктерін және оларды Африка құрлығында кеңінен насихаттауға ниетті екендіктерін атап өтті. М.Балиуамердің пікірінше, Африканың ядролық қарудан азат аймақтары (ANWFZ) мен Орталық Азия ядролық қарудан азат аймақтары (CANWFZ) арасындағы ынтымақтастықты институционалдау екі аймақтың халықаралық бейбітшілікті нығайтудағы мүдделеріне сәйкес келеді. Осыған байланысты, қазіргі кездегі CANWFZ қырғыз төрағалығы африкалық серіктестермен тиісті іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, оның аясында тараптар арасындағы практикалық өзара іс-қимыл туралы келісу жоспарланып жатыр.

Сонымен бірге Оңтүстік Африканың саяси және ғылыми топтары Президент Қ.Тоқаевтың реформалар күн тәртібіне қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, үшінші саяси реформалар пакеті мен Қазақстан Республикасының «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму» жоспары оң бағасын алды.

Бұған дейін жергілікті сарапшылар мемлекет басшысының БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясында сөйлеген сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қамқорлығымен Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын әлемдік қоғамдастықта айтарлықтай қарау қажеттілігін қолдады.

Оңтүстік Африка, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың күн тәртібіне сәйкес, атап айтқанда, планетадағы аштықты толық жою және азық-түлік жүйелері бойынша саммит шақыру туралы практикалық нәтижелерге қол жеткізу туралы ұсынысын қолдайды.Оңтүстік Африка жұртшылығы Мемлекет басшысының Халықаралық еріктілерді жұмылдыру жылы деп жариялау туралы бастамасын да оң қабылдады.

Н.Мандела осы бағытта қазіргі кезде БҰҰ-мен және басқа да маңызды мүдделі тараптармен серіктестікте екенін атап өтті. Ол «БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жастардың қосқан үлесі» атты жаһандық байқаудың халықаралық ұйымдастыру комитетін құруға және насихаттауға қатысады.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Н.Мандела мен М.Баалиуамер көрсетілген мерзімде елдің дамуындағы елеулі жетістіктерді атап өтіп, елге жаңа табыстар тіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:57
Университеттер арасында алғашқы болып елордалық ЖОО «Ashyq» жобасын қолдады
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 09:19
Жат жерде белгісіз жағдайда көз жұмған қандастар
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды
Еркежан АРЫН 13.05.2021, 09:51
Волонтерлік – Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі
Қонысбай АҚПАН 12.05.2021, 08:07
Қонаев болсын, басқа болсын, күйе жақпайық

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06