22.06.2021, 14:25
399
Бүгінгі таңда мемлекеттік ипотека өзін-өзі қамтамасыз ете алатын тетікке айналған. Берілген несиелердің негізгі бөлігін құрайтын «Отбасы банктен» басқа, оларды «Қазақстан ипотекалық компаниясы» (ҚИК) және «Баспана» ипотекалық компаниясының орнын басқан "Қазақстанның тұрақтылық қоры" да береді. Әрі «Отбасы банк» тағы бір маңызды функцияны орындайды — депозиттердің мемлекеттік субсидиялану ставкалары механизмі арқылы халыққа алғашқы жарнаны тез жинауға мүмкіндік береді. Субсидиялаудың арқасында «Отбасы банк» пен мемлекеттік бағдарламалар бұл бағытта үлкен жұмыс атқаруда. Мәселен, өткен жылдың алты айында клиенттердің қаражаты жылдық көрсеткіште 24,5% — 965 млрд теңгеге дейін өскен екен. Клиенттерге берілген несиелер мен аванстардың көлемі былтыр 812 миллиардтан 1 триллион теңгеге дейін өсті.
ҚИК басқарма төрағасының орынбасары Әсел Диқанбаева:
— Ипотеканың орташа алынған ставкасы, егер жалпы Қазақстандағы ипотека нарығы туралы айтатын болсақ, 9% құрайды. Мұндай мөлшерлеме инвесторларды қызықтыра қоймайтындықтан, біз коммерциялық банктер шығарған ипотеканы нарықтық негізде секьюритизациялау туралы айтып отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша, ипотеканың қайталама нарығының көлемі шамамен 800 миллиард теңгені құрайды. Бұл секьюризацияланған облигациялардың ықтимал шығарылымдарының жалпы көлемі бойынша нұсқаулық ретінде қолданыла алатын көрсеткіш, — деп түйіндеді.
«АФК» сараптамалық орталығының мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында ипотекалық несиелендіру көлемінің өсуіне қарамастан, ипотекалық портфельдің өсу қарқыны зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу аясында жүзеге асырылған төлемдердің едәуір көлеміне байланысты төмендеуде. Яғни, былтыр пандемия жағдайында ипотека нарығы өсіп келе жатқанын ескерсек, ипотекалық несие берудің бәсеңдеуі тек локдаун кезеңінде ғана байқалды (наурыздан мамырға дейін), бірақ маусым айынан бастап карантинге дейінгі деңгейге қайта қалпына келді.
Соңғы 5-6 жылдағы динамикада банктердің жалпы ипотекалық портфелі шамамен 3 есеге өсті, бұл халықтың ипотекалық«7 -20-25» және «Баспана хит» мемлекеттік бағдарламалары, «Отбасы» банкінің қол жетімді несиелендіру бағдарламалары, сондай-ақ халықтың әр түрлі топтарына арналған әлеуметтік несиелеу бағдарламалары аясында өсіп отырған сұранысын көрсетеді. Ипотекалық несиелеу нарығындағы негізгі ойыншылар — «Отбасы» банкінен (нарықтың жартысынан көбі), Сбербанк, БЦК және Халық Банкі.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме соңғы алт жыл ішінде 9,6%-дан 8,3% -ға дейін төмендеп отыр.
Сарапшылардың мәлімдеуінше, еіміздің аймақтарындағы ипотекаға деген сұраныс мемлекеттік ынталандырулардан басқа, халықтың көбеюіне (Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Маңғыстау облысы) және тұрғын үй құрылысына инвестициялардың көбеюіне байланысты болып келеді.
Мемлекеттің несиелік бағдарламалардан біртіндеп бас тартуы нарық принциптеріне жол ашады; сонымен қатар халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тұрғын үй саясатын «Отбасы» банк жүзеге асырады. Соңғы екі жылдағы тұрғын үй нарығында несиелендірудің жоғары қарқыны болашақта қосымша тәуекелдер тудыруы мүмкін. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламаларды біртіндеп қысқарту жағдайды тепе-теңдікте ұстауы керек.
2021 жылы Қазақстандағы ипотека басқа елдердегі ипотекадан несімен ерекшеленеді? Қазақстанда жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың жарамдылық мерзімі белгіленбеген. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасы мерзімсіз және 1 трлн теңге көлеміндегі қаражат толық игерілгеннен кейін аяқталады. Биылғы жылдың 3 маусымындағы жағдай бойынша осы бағдарлама аясында 429,9 млрд.теңгеге 35,5 мың өтінім мақұлданған, оның ішінде 333,3 млрд.теңгеге 27,9 мың несие берілді. Басқа елдерде шектеулі уақыт бағдарламалары болуы мүмкін. Қазақстанда жеңілдікті ипотека бойынша мөлшерлемелер Ұлттық Банктің базалық ставкасынан едәуір төмен болғаны маңызды (9%). Мысалы, Ресейде олар көбінесе Ресей Федерациясының Орталық банкінің негізгі ставкасынан жоғары (5%).
Сонымен қатар, Freedom Finance Bank цифрлық ипотеканы — қазақстандық нарық үшін бірегей несиелік өнімді іске қосады. Яғни, банктің филиалына бармай және құжаттар жинамай-ақ, бірнеше минут ішінде онлайн-бағалау жүргізуге және шешім алуға мүмкіндік береді. Банктің мәліметінше, мұндай цифрлық ипотеканың аналогтары тек Қазақстанда ғана емес, әлемде жоқ. Freedom Finance компаниясының цифрлық ипотекасы 90 пайызға цифрланған, ал бұл саланың көшбасшылары процестің цифрландыру қарқынынан әлдеқайда төмен: Ұлыбритания (55 пайыз), Ресей (50 пайыз), Нидерланды (44 пайыз), Эстония (44) пайыз).
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 ірі коммерциялық банктің алтауының ипотекалық өнімі бар. Олар белгілі бір қалаға, серіктес компанияға, тұрғын үй кешеніне немесе банктердің кепіліне тәуелсіз, бәріне қол жетімді.
Кез-келген үкімет үшін ипотека — бұл өз азаматтарын мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын маңызды қаржылық өнімнің бірі. Ипотекалық несиелендіру кез-келген өркениетті мемлекетте қолдау табады, өйткені бұл ЖІӨ-нің ең үлкен мультипликаторы болып табылатын тұрғын үй секторы. Яғни, Қазақстанда жылына миллион адам дүниеге келеді. Кешегі бала мектептен кетеді, жоғары оқу орнына түседі және т.б., ал қазір сол «бұрығы оқушыға» пәтер қажет. демек, ипотекалық нарық өзінің табиғи өсу қарқынымен өсе береді, мұнда тұрғындардың сұранысы нарық өсуінің басты факторы болып қала береді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР