Қазақстанның тұмауға дайындығы: Қауіп мерзімі мен болжамдар

Сайт әкімшілігі

12.09.2020, 09:40

402

Күз басталғаннан кейін ел ішінде тұмау мен ЖРВИ-дың өршитіні белгілі. Ізінше коронавирустың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Міне, сондықтан ел билігі қазіргі уақытта күзге дайындық жұмысын жүргізіп жатыр. Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірыңғай дистрибьютордың тұмауға қарсы 2 млн 199 мың 990 вакцина сатып алғанын мәлім еткен еді. Осы орайда елімізде тұмауға қарсы екпе мерзімнен екі апта бұрын басталады, яғни 15 қыркүйектен іске асырылады. 

«Жыл сайын тұмаудан вакцина егу 1 қазанда басталатын. Алайда коронавирус індетіне байланысты биыл науқан екі апта бұрын басталады. 15 қыркүйектен маусымдық тұмауға қарсы екпе жасау басталады. Ол үшін алғашқы медициналық –санитарлық көмек ұйымдарында 5 мыңнан астам пункті ұйымдастырылды. Алматы, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында вакцина егу биылғы 10 қыркүйекте басталды», — деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекция мен ЖРВИ маусымына дайындық аясында «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьютері «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алды. Вакцинада Н1N1, Н3N2 және В тұмау штамдарының антигендері бар. Бұл өз кезегінде халықтың 10 пайыздан астамын қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ж. Ембердиева тұмауға қарсы екпе жасау тәртібін түсіндірді. «Жіті респираторлық-вирустық инфекциясына тоқталсақ, бұл тұрғыда ауруға шалдығу қаупі жоғары топ бар. Бірінші кезекте халықтың әлсіз тобына вакцина салынады. Олардың қатарына созылмалы дерті бар жиі ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер (2-3 триместрде), 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ жабық типтегі мекемелердегі адамдар (балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер, медициналық қызметкерлер) кіреді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы мен өңірлік тиісті департаменттер жыл сайын вакциналау алдында дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар адамдарды емханаға шақыртады», — деп түсіндірді Жазира Ембердиева.

Емханаға барған кезде пациентті учаскелік дәрігер қарап шығады. Осы орайда денсаулық жағдайына тұрғынның шағымдары сұралып, дене қызуы өлшенеді. Егер де дансаулығы қалыпты деңгейде болса, онда пациент тұмауға қарсы екпе салдыруға жіберіледі. Вакцина қойылғаннан кейін, пациент жарты сағат бойы емханада бақылауда болады. Сонымен қатар, учаскелік қызмет екі күннің барысында бейне байланыс бойынша адамның жағдайын бақылап отырады. Қазақстанда тұмау қашан өршиді Біздің климаттық белдеуде күз-қыс айларының келуіне байланысты өткір жұқпалы аурулардың өршитіні белгілі. Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекеновтың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда 500 мыңнан 1 миллионға дейін жіті респираторлық-вирустық инфекция тікеледі. Осы аурулардың 64 пайызынан жоғарысын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, яғни әрбір ауырған үш адамның екеуі бала дегенді білдіреді. Жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы негізі қазан айында басталып, мамыр айына дейін жалғасады. Биылғы эпидемиологиялық маусымға алаңдаушылық білдіруіміз коронавирусқа байланысты. Сонымен қатар ол Қазақстанда тұмаудың үш штамы (Н1N1, Н3N2 және В) таралғанын, бұл өткен қыста белгілі болғанын жеткізді. Олар зертханаларда тексеріліп, нақтыланды.

«Жыл сайын вакцина жасау алдында елімізде таралған вирустар штамдарын анықтаудың мәні зор. Өйткені оған қарсы егілетін вакцинаның сипаты маңызды. Осыған байланысты біздің зертханалар жұмысы арқасында биыл аталған үш түрін тіркедік. Коронавирус жағдайына байланысты біз тұмауға қарсы вакцинаға аса мән беріп отырмыз. Сондықтан екпені уақытында алудың маңызы зор. Себебі бұл ауруларға қарсы антидене пайда болуына кемінде екі-үш апта уақыт керек», — деді Ж. Бекенов.

Жұқпаға қарсы екпелер елді мекендердегі тұрғылықты жеріне жақында орналасқан медициналық мекемелерде (емханаларда) жасалады. Жалпы, өзінің қаржысы есебінен екпе аламын дегендерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Вакцинаны дайындаған еліне байланысты екпе бағасында айырмашылық болады. «Біз халықтың 10 пайызынан астамын бюджет есебінен қамтамасыз етпекпіз. Бұл өз кезегінде аурудың төмендеуіне елеулі әсер етеді», — деді Жұмабек Бекенов.

Айтпақшы, Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында 15 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы өздеріне тұмауға қарсы екпе салдыратыны айтылды. «Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйектен басталады. Денсаулық сақтау министр Алексей Цой өзі бастаған бір топ министрлік басшылары Нұр-Сұлтан қаласындағы емхананың біріне барып, екпені алады», — деді аталған ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43