Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды

Сайт әкімшілігі

05.01.2021, 18:33

1162

2020 жыл бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоо-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты.

Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар:

  1. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;

6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;

7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

8. Халықаралық білім беру корпорациясы;

9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;

10. Нархоз университеті.

108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында  жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы — қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары нарықтағы сұранысқа қаншалықты сай келетінін анықтау, жоо-лар арасында рейтинг жасау.

Тегтер: оқу орны бағалау бастама білім беру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Бифат ЕЛТАЕВА 09:28
Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 14:20
Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 13:42
Тоқаев Цойға вакцинаға қатысты тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 12:31
"Спутник V"-ны қандай жағдайда сақтықпен қолдану керектігі айтылды

Аңдатпа


  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10