Қазақта бір жетістік бар ма?

Әділ АҚЫЛБАЙ

17.09.2021, 09:21

2255

  Биыл Кеңес Одағының ыдырағанына, оның орнына тәуелсіз мемлекеттер құрылғанына тура 30 жыл толып отыр. Айтпақшы, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялап, КСРО-ның ғұмыры Қазақстанмен таусылған.

      Сарапшы Қазбек Бейсебаевтың сөзінше, сол 30 жылдың ішінде маңайымыздағы тәуелсіз елдердің бәрі белгілі бір жетістіктерге жетті. Мысалы, демократияның үстемдігі жағынан Қырғызстан алға озып кетті, олар билігі тым ұзақ отырмайтын, президенттері жиі ауыса беретін мемлекет болып алды.

       Өзбекстан өзінің бұрын болмаған автокөлік өнеркәсібін әбден өркендетті, экономикасындағы басқа жетістіктері де жетіп жатыр.

Әзірбайжан, әне, территориялық тұтастығын қайтарып алды. Грузия жемқорлар мен жемқорлықты жоқ қылып жіберді. Беларусьтың машина құрастыру саласы қуатты, ауыл шаруашылығын жақсы дамыта алды.

     – Қарап отырсақ, бұрынғы кеңестік елдердің әрқайсысында «мынау біздің жетістігіміз еді» деп атай алатын, қолымыз жеткен табысымыз дей алатын оң өзгерісі бар.

       Ал енді біздің жетістігіміз неде? Біз қандай үлкен жетістікке жеттік? Айтпақшы, 2016 жылы экс-президентіміздің еліміздің үш жетістігін атағаны бар. Олар: мемлекет құрғанымыз, жаңа астана салғанымыз және «сарабдал» сыртқы саясатымыз екен. Жә, делік. Мемлекет құрғанымызды жетістікке жатқызу қиындау болар, өйткені біз сияқты бұрынғы кеңестік елдердің барлығы да мемлекет құрды ғой. Сыртқы саясатын біз ғана емес, барлық елдер жүргізіп келеді. Сонда елдің жалғыз шын жетістігі жаңа астанамызды салғанымыз ғана ма?

       Ендеше бізде еліміздің шын жетістіктерін тауып беретін ғылыми-тәжірибелік конференциялар неге өтпейді? Анау Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі де осы жұмысқа неге кіріспей отыр? Өзін Алаштың ісін жалғастырушы деп санайтын парламенттік оппозиция партиясы неге үндемейді? Қазақстанның жетістігін тауып, елге паш етейік деген жұмысқа баяғы «Қазақстан 2050» деген демократиялық күштердің жалпыұлттық коалиция мүшелерін неге шақырмасқа? Айтсын, олар да өздерінің ой-пікірін. Қысқасы, билік ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы ішінде еліміздің қандай жетістіктерге жеткенін түсіндіруі керек сияқты, – дейді ол

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 15:03
Желтоқсан оқиғасына арналған тағы бір кітап жарық көрді
Бифат ЕЛТАЕВА 20.05.2022, 08:17
Ауыл балаларына мүмкіндіктер көп қарастырылу қажет
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 07:51
«Сен менімен «служить» етпейсің!»
Сайт әкімшілігі 19.05.2022, 15:09
Партияның ауқымды электораты референдумды қолдауы керек – Е.Қошанов
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:40
Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
Сайт әкімшілігі 18.05.2022, 12:15
Ташкентке Алматыдан пойыз қатынайды

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17