07.04.2019, 00:27
235
Ресейлік және америкалық белгілі журналист ВладимирПОЗНЕР Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкаға кетуінеорай пікір білдірді.
Владимир Познердің пікірі өзінің ресмисайтында жарияланған. Мәскеудегі Жеральдин мейрамханасында өткен кездесудежурналистке Назарбаев отставкасы жайлы, Қазақстанда қашан болдыңыз деген сұраққойылады.
«Қазақстанда бірнеше рет болдым. Астана қаласында. Менің таңқалдырғаны қазақтар сіз бен біз сияқты орысша сөйлейді. Орысша акцентсіз сөйлейді. Және бір-бірімен. Бірақ олар орыс емес, қазақтар», — дейді журналист.
Сондай-ақ, ОРТ телеарнасының жүргізушісі Қазақстантарихы мен қазақ ұлтының танымынан хабарсыз екенін айтады.
«Назарбаев күтпеген шешім қабылдады. Отыз жыл билікте болды. Балтық және Грузия елдерінен басқаларға үлгі болуы мүмкін. Әсер етуі де ықтимал. Менің ойымша көпшілік ойланып қалды. Әңгіме жоғарыда отырғандар хақында. Иә, ол толықтай биліктен кеткен жоқ. Бірақ бұл қадамның жалғасы бар», — деді белгілі журналист Владимир ПОЗНЕР.
www.youtube.com/watch?time_continue=56&v=NN9hLgQNh8UФото: bycard.by
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР