Қазақты аграрлық сана меңдеген

04.07.2019, 21:31

6

Ұлттың оянбауы – формациялық

артта қалудың концентрлі көрінісі.

Тақырыптыңуыты

Қазақ қоғамы келіп, тіреліп тұрған бұқаралық апатияқұбылысының себептерін мен тарихи-объективті және субъективті деп, екіге жіктепқарастыруды ұсынамын.

Тарихи-объективті себепке қазақ халқының дәстүрліқоғамдық құрылыстан сытылып шыға алмауы, соның салдарынан, отарға түсуі,отарлықтан босағаннан кейін де аграрлық сана меңдеген бұқараның жаңа өмірге –индустриялы даму жағдайына бейімделе алмауы жатады. Бұл құбылысты қазақхалқының өркениеттердің даму үдерісінен тысқары қалуы немесе формациялық артта қалудеп атау ыңғайлы.

Субъективті себептер деп отырғанда айтарымыз дамудыңқазіргі жағдайындағы билік пен оны қолдаушы зиялы қауымның әрекеті және олардыңбұқаралық санаға әсері туралы болмақ.

Қазіргі сөз бірінші себеп жөнінде.

Өркениеттердің қазіргі таңдағы даму үдерісі астарындақарастырғанда қазақтың формациялық артта қалу құбылысы мұқият зерттеуді қажетететін, іргелі мәселе болып табылады. Бұқараны маргиналдандыру үшін жасапжатқан биліктің әрекеттерінің мәні де алдымен формациялық артта қалуқұбылысының сыры түсінікті болғанда ғана жеткілікті ашылады.

Қазақтың санасында ауыл – бейсаналық таптаурын сапасындаорнығып қалған ұғым. Ауылдың артта қалуын айту қазақтың құлағына жақпайды.Сондықтан бұл мәселені көтеруге екінің бірінің жүрегі дауаламайды, анафемаданқорқады. 

Солай болса да, мен отандастарымды қазақ апатиясына турақатысы бар осы тақырыпты терең зерттеп алмай, қазақ қоғамының дамуперспективасын айқындап алу мүмкін болмайтынына сендіргім келеді. Мен бұқараныңбұйығылығының тереңнен тартылған бастауының бірін оның ауылынан көріп отырмын.Қазақ қоғамының келешегі үшін пайдалы ой қорыту қажеттігі мені бұл тақырыпқақайта оралуға мәжбүр етіп отыр. Бұрын жарияланған материалдардың арасынанкейбір абзацтарды пайдалануым да осы себептен екенін ескерте кеткім келеді.

Өз басым осы құбылыс туралы аз жазған жоқпын. Алғаш рет сонау1984 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Қалаға неге қырын қараймыз?» деген мақаламдасөз еткен едім. Онда қазақ жазушыларының бір қатарының көркем шығармалар арқылықазақ жастарын ауылда ұстап қалуға, қалаға жібермеуге үгіттеген идеясына қарсы пікірайтқан болатынмын. Коммунистік билік иелерінің әлеуметтік алалау саясатын іскеасырушы факторға айналып алған жазушылардың көркемдік шеберлігін қазақтыөркениеттен жырақтатып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін күшке айналдыруғажұмсағанына қарсы шықтым. Сол тұрғым үшін аулпаттардан «сыбағамды» молынаналғаным бар. Қазір де сөз жоғары дамыған халықтармен салыстырғанда қазақтыңформациялық артта қалуы және оның ұлттық менталитетіне ықпалы туралы болыпотыр.

Қазақ қоғамы мемлекеттік тәуелсіздік алғанға дейін негізіненаграрлық қоғамда өмір сүріп жатты. Жаппай кенттену үдерісі тек ХХ ғасырдың 90жылдарынан басталды. Қазір елдегі қазақтардың жартысы қалаға көшіп келді.Алайда бұл олардың индустриялы кезеңге өткен азаматтық қоғамның толыққандымүшесі бола қалғандығын көрсете алмайды. Қазірге дейін қазақтар менталдықтұрғыдан алғанда шаруа халқы болып қалып отыр.

Шаруа демократизм, адам құқығы, жариялылық, ашықтықидеяларынан аулақ болады. Оның қоғамдық тарихи үдерісте жұмысы жоқ, оның заңдылықтарыменсанаспайды, ұйымдасқан саяси күреске бармайды, әлеуметтік сілкіністерменешкімнің назарын аудармайды, езгіге шыдайбереді, белсенді әрекеттерімен үкіметке қауіп төндірмейді. Оның топтықәрекеті (егер ондайға бара қалса) ұйымсыз, бағдарламасыз, жергілікті бүлікдеңгейінде ғана көрініс береді. Тарихта ешбір елде шаруалар көтерілістеріжеңіске жетіп, қоғамда тәртіп орнатып көрген емес, жеңіске жетуі мүмкін деемес. Бұл  құбылыс шаруаның әлеуметтікжағдайларымен, менталитетімен шарттандырылып тасталған.

Шаруа ұлттық өзіндік сана деңгейі төмендігінен,бытыраңқылығынан ұлттық мүдделерді қорғайтын, ұйымдасқан саяси күш деңгейінекөтеріле  алмайды. Шаруа – ұлтты келбеттейтін, ұлттың негізін құрайтын тап емес. Шаруамен ұлт – бірі бірімен кереғар ұғымдар. Шаруа– аграрлық қоғамда өмір сүретін тап, ұлт – өнеркісіпті қоғамда қалыптасатынадамдар қауымдастығы. Саяси сауатсыздық пен құқықтық нигилизм меңдеген,демократиялық мәдениет дегенмен ісі болмайтын шаруа өзінің ішкі рухани әлеміменұлт өкілі тұрғысында көріне алмайды. Индустриялы қоғамға үрке қарайтын,ауылындағы күйбің тіршілігінен басқаны білмейтін шаруадан саяси-әлеуметтік күшекен деп ешбір билік қыңбайды.

Шаруа – дамудың демократияға дейінгі кезеңінде өмірсүретін тап. Индустриялы қоғам жағдайында саяси шаралар ұйымдастырғанда шаруағаесеп құруға да, сенуге де болмайды. Өздерінің табындық ойлауымен,бағынғыштығымен шаруа авторитарлық биліктің тірегі, қолайға жағатын электоратжасап шығаратын жанды материал рөлін ғана атқара алады. Өйткені, шаруаныңпрогресшіл мен кертартпаны ажыратар рухани қауқары жоқ.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: alashainasy.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:51
Қазақстанда қандай қылмыс жиі жасалынады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.09.2020, 09:34
«Бесоба» синдромы сабақ болмады ма?!
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27