Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік

Жандай ӨЗДЕНБАЕВ

09.04.2021, 09:20

1777

Ел арасында жоғары оқу орындарының басшылары туралы «анау Келімбетовтің адамы», «мынау Жұмағұловтың кадры», «түген Нығматулинның адамы» т.с.с. гуілдеп жатқанымен, ол басшылардың өндіріске, шаруашылыққа, технологиялардың озығын енгізуге және жаңасын дамытуға, елдің жағдайы мен зәру мәселелерін зерттеп және оны жақсартуға жасаған еңбегі немесе ғалымдық беделі жайлы айтылмайды.

Ғалымдық атағы танымал Асқар Жұмаділдаев ағамыздың кезінде министр болудан бас тартуын қазіргі қалыптасқан қатынастар тұрғысынан түсіндіретін бір себеп – қазақстандық билік ордасы таланттылардың ортасы емес. Бәрі бас орданың айналасында болғанымен, әрбір жоғары статусты шенеуніктің арқа сүйер өз ордасы болуы керек. Асқар Жұмаділдаев ағамыз ордаға емес, еңбегі мен қабілетіне сүйенетін адам. Ол кісінің ордаға қызметке кірмегені дұрыс та болды. Өйткені 28 жасында Мәскеу мемлекеттік университетінде математикадан докторлық қорғаған Саят Ыбыраевты ар-ождандық ұстанымы үшін жеті жыл түрмеде ұстаған, қазақтың тарихы, әдебиеті мен тілі жайынан энциклопедиялық білімді, қазаққа өте танымал жазушы Мұхтар Мағауинді елден кетірген орда Асқар Жұмаділдаев ағамызға да уын бүркер еді.

Қазақстан билігінің кейбір қарекеті талай қазақ жыр қылып айтатын Мөңке қолының 1258 жылы Бағдадтағы математика, астрономия, медицина салаларындағы миллиондаған еңбектердің адамзат тарихындағы ұлы қазынасы – «Даналық үйі» кітапханасын жойған тарихын еске салады; тарихшылар көшпенділердің миллиондаған кітаптар мен жазбаларды өртеп, Тигр өзенінен өту үшін кітаптар мен оралған жазбаларды үйіп өткел салғанын, ал былғары жазба түптеулерден аяқкиім жасағанын айтады. Мыңдап өлтірілген ғалымдардың, жазушылар мен ақындардың қанынан Тигр өзені қара қан болып ағыпты. Аман қалғандары Шам мен Мысырға қашыпты.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде жоғары оқу орындарының патриот басшыларын бас көтертпестей қылып соққан билік одан кейінгі 35 жыл ішінде Қазақстанның ғылым мен жоғары білім салаларын дәйекті түрде құлдыратты. Ғылымға «сорпаның сорпасы» деген тәрізді буын келді. Қоғам кітап оқымайтын, жазушы мен ақындарынан айырылған, дұрыс жолға бастайтын серкесіз, рухани азып-тозған қауымға айналды.

«Қазақтың қан араласу коэффициенті – 65 пайыз» деген мақаланы оқығанда «қазіргі билік басының қанында қайсысы көп – қалмақ па, ойрат па, әлде кім?» деген ой туады.

Тегтер: ғылым білім қоғам мәселе интелект руханият

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24