Қазатомпром: Тексерулер нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ

25.11.2019, 14:05

7

«Жас Алаш»газетінің

бас редакторы

Р.Ерботаға

Құрметті, Руслан Ерболұлы!

Республикалық «Жас Алаш» газетінде 2019 жылғы 18 қарашадажарияланған журналист Бақытжан Әбдіраштың «Назарбаевтапсырған трансформация мен Қазатомпромдағы дау» мақаласында шындыққа сайкелмейтін ақпарат баяндалды. Мақалада «Орталық» ӨК» ЖШС (бұдан әрі — Серіктестік), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) және оныңбасшылығына қатысты келтірілген мәліметтер мен мәлімдемелер ешқандайфактілермен расталмаған және олардың ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлікбеделіне нұқсан келтіреді.

Аталмыш мақалада арыз жазушы ретінде көрсетілген АлғабекОрманқұлов 2019 жылғы маусымда дербес заңды тұлға саналатын және Қоғамғаешқандай қатысы жоқ «Universal Servicе-DDK» ЖШС-на жұмысқа қабылданған. Солсебепті Қоғам бұл компанияның жоғарыда аталған қызметкермен еңбек қатынасынбұзуына не себеп болғанын тексере алмайды.

Бұдан бұрын, яғни 2012 жылдан 2017 жылға дейін А.Орманқұлов,сондай-ақ жылумен жабдықтау және кәріз учаскесіндегі басқа да қызметкерлер «Орталық»ӨК» ЖШС-нда жұмыс істеген. 2017 жылғы қазанда олар бір жыл мерзімге еңбекақысымен басқа да әлеуметтік міндеттемелерді сақтай отырып, «Таукент-ЭнергоСервис»ЖШС-на жұмысқа орналастырылды.

Бұл рәсім коммуналдық жүйелерді пайдалану бойынша қызметкөрсетуді қызметтің бейінді емес бағыты ретінде аутсорсингке берумен байланыстыжүргізілді. Аутсорсингке шығару Қазақстан Республикасының заңнамасына толықсәйкестікпен жүзеге асырылды. Бұрын «Орталық» ӨК» ЖШС құрамында есепте тұрғанқызметкерлер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалды. Қызметкерлердіңбарлық әлеуметтік-еңбек мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамныңішкі нормативтік құжаттары шеңберінде шешілді.

Сонымен қатар, бұған дейін де, үстіміздегі жылдың сәуіржәне шілде айларында «Таукент-ЭнергоСервис», «Universal Service DDK», «Самұрық-Сервис»ЖШС-лары қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіне арнаған бейнеүндеулеріндегі фактілер бойынша Қоғам дер кезінде түсініктемебергенін хабарлаймыз:

www.facebook.com/kazatomprom.kz/posts/2162264483823228

www.facebook.com/kazatomprom.kz/posts/2293638860685789

www.facebook.com/kazatomprom.kz/posts/2323837234332618

Үндеуде баяндалған фактілер бойынша «Орталық» ӨК» ЖШС-ндаҚоғам тарапынан да, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысыбойынша департаменті тарапынан да бірнеше рет тексерулер жүргізілді. Тексерулернәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Universal Servicе-DDK ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлеріөздеріне қатысты еңбек қатынастары жөніндегі шешімдермен келіспеген жағдайда,олар уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Жоғарыда айтылған фактілер негізінде, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдарытуралы» Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қоғам редакциядан «Жас Алаш»газетінде 18.11.2019 жылы жарияланған мақаланы теріске шығаруды талап етеді. Олайболмаған жағдайда Қоғам өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқажүгіну құқығын пайдалана алатынын хабарлайды.

«Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-ның

Қоғаммен байланысжәне ішкі коммуникациялар департаменті

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34