«Қазфосфат» аммофас өндірісін кеңейтуді қолға алды

Сайт әкімшілігі

12.12.2020, 16:08

232

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Казфосфат» ЖШС филиалы – минералды тыңайтқыштар зауытының әкімшілік ғимаратында өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстағы ірі кәсіпорындардың басшыларымен кездесті.

— Сіздер мен біздің басты міндетіміз – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізуге мемлекеттік бағдарламалар көмектеседі. Өңірдің көп көрсеткіштері қазір республикалық орташа деңгейден әлдеқайда жоғары дей, кей индикаторлар сонымен деңгейлес. Көлік пен сауда бойынша аздап артта қалушылық бар, бірақ жыл соңына дейін ол да реттеледі деп ойлаймын, — деді аймақ басшысы.

— Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы деңгейден 1,6 пайызға жоғары. Экономика дамуының екінші маңызды көрсеткіші – инвестиция тарту көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артық. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыруға бюджеттен 45 миллиард теңге қаралды. 500 мыңнан астам тұрғынға әлеуметтік көмек көрсетілді, — деген облыс әкім жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы тоқталып өтті.

Одан кейінгі сөзді "Қазфосфат" ЖШС Бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров алды.

— Ағымдағы жылдың он айында біз өткен жылдың толық көрсеткішіне тең 144 миллиард теңгенің өнімін өндіре алдық. Жыл соңына дейін бұл сан 155 миллиард теңгеге дейін өседі деп ойлаймын. Біз бюджетке барлық төлемдер бойынша 17 миллиард теңгеден астам қаржы түсірдік. Қазір бізде аммофос өндірісін кеңейту жобасы іске асырылуда. Келер жылдың бірінші жартыжылдығында натрий гексаметофосфатын шығаруға кірісеміз. Бұл өнімдер толығымен экспортталатын болады, — деді М.Ескендіров.

— Шын мәнінде Мемлекет кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған көптеген шаралар қабылдауда. Бірақ жақсы жобалар аз. Әсіресе ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты. Сұранысқа ие өнімге баса назар аудару керек. Баяндамашы айтып өткен ара, бақша шаруашылығы және басқа да жобалар бойынша жұмыс істеу керек. Мемлекет бізге ұсынып отырған мүмкіндіктерді барынша пайдаланайық, бірақ бұл ретте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұмытпайық. Мәселен: ұжымдық шарттар жасасу, аз қамтамасыз етілгендерге көмек көрсету, жалақыны уақытылы төлеу. Желтоқсан айының жалақысын желтоқсанда жіберу керектігін ұмытпаңыздар. Жыл қанша ауыр болғанымен, оны сәтті аяқтайық, — деп түйіндеді Б.Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 14:30
Ұлттық құқықты дамытатын кезең келді
Сайт әкімшілігі 11:45
Алматы әкімдігі ұлттық құндылығымызды неге қорлап отыр?! (видео)
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:01
Ұялы телефонға тәуелді ұрпақ
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:06
Алты ай іздеуде болған әйелдің денесі табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.04.2021, 16:45
Ашаршылық кезінде ашылған балалар үйі неге жермен-жексен?
Еркежан АРЫН 22.04.2021, 15:50
COVID-19: емдеуде халықаралық тәжірибе алмасу – маңызды қағида

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25