"Қазгидромет" ауасы ең қауіпті қалаларды атады

Сайт әкімшілігі

09.12.2020, 11:13

1208

"Қазгидромет" мамандары атмосфералық ауасы ең көп ластанған қалаларды атады. Жол берілетін шекті нормалардан асып кеткендер — Нұр-Сұлтан, Өскемен, Алматы, — деп хабарлайды. «Жас Алашқа» жіберілген хабарламада былай делінген: 

Атмосфералық ауа сапасына мониторинг 1-7 желтоқсан аралығында жүргізілді.

Нұр-Сұлтанда жол берілетін нормадан асып кетудің 973 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Алматыда шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 726 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы әл-Фараби даңғылы, Науаи к-сі бұрышы, Орбита ш-а («Зеленстрой» АҚ Дендропарк аймағы) ауданында басым ластанған.

Ал Өскеменде ондай 786 жағдайы тіркелді, қаланың Лев Толстой көшесі, 18, Шәкәрім даңғылы, 79, Қ.Қайсенов көшесі,30, М.Тынышпаев көшесі, 126, Рабочая көшесі, 6, Сәтбаев даңғылы, 12 аудандарында неғұрлым ластанған.

Қарағандыда 187 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №5 бекет (Мұқанов көшесі, 57/3 үй) ауданында неғұрлым ластанған.

Қызылорда және Петропавл қалаларда бір де бір ШЖШ-дан ластаушы заттардың нормадан асып кету жағдайлары тіркелмеді.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз мөлшерде асқан. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр
Мариям МАҚСАТ 26.11.2021, 16:00
Өлім мен өмір арпалысынан өтіп жүр
Сағындық ОРДАБЕКОВ 26.11.2021, 10:40
Дәрігерлер кімге «жем» болып жүр?

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30