08.04.2019, 19:53
97
Мұхамедиұлы Кәрім Мәсімовке көңіл айтты.
Қазақстанның ҰҚК-нің төрағасы Кәрім МӘСІМОВТЫҢ әкесіҚажымқан МӘСІМОВ дүниеден озды. Ол 2016 жылы Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіппалатасының төрағасы болып сайланған еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына Мәдениетжәне спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ facebook.comәлеуметтік желісі арқылы көңіл айтты.
«ҚажымқанМәсімовтің өмірден озғаны туралы қайғылы хабар келіп жетті. Бұл — ҚажымқанҚасымұлының туған-туысы, жақындары, өмір жолында қатар жүрген адамдардыңқабырғасын қайыстырған ауыр қаза. Өз ісінің білімді де білікті маманы ретіндежастарға берері көп еді: біз бірлесе ұйымдастырған жобалар кезінде ҚажымқанҚасымұлының спортта, өнер мен мәдениет саласында жастарға қолдау көрсеткенінеталай куә болдық. Ол жан-жақты тұлға — Қазақ туризм және спорт Академиясыныңспорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры, Қазақстан Йогаассоциациясының басшысы, кәсіпкер, Қазақстан Ұлттық агрокәсіптік палатасыныңжетекшісі, меценат, қоғам қайраткері, көмекке мұқтаждарға қол ұшын созған адамретінде есімізде қалады.Қажымқан Қасымұлы өзінің мүшелтойына бірнеше күнқалғанда дүние салды. Қажымқан Қасымұлының туыстарына, жақын адамдарына шынжүректен қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас қазаға бекем болайық. Иманды болсын.»
Фото: bnews.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР