«ҚазТрансГаз» басшысының әйеліне сәнқой Париж бас имек

24.09.2019, 11:59

72

Қазақ сәнқой дизайнері РустинаСҮЛЕЙМАНОВАНЫҢесімі мен өнімі Париждің  атақты сәнауданы Avenue Montaigne-ге жетті.  Бұлжаңалықты  оның әлеуметтік желідегі парақшасынанбілдік.

RUSTINA атты брендтің парақшасындағыгеолакцияға кірсеңіз, Париждегі Авеню́ Монте́нь, 51 мекен-жайы көрінеді. Бұлкөшеде Dolce&Gabbana, Valentino, Louis Vuitton, Dior, Chanel, Prada, JimmyChoo, Giorgio Armani, Loewe сияқты әлемдік брендтердің сауда бутиктеріорналасқан.

Өзін ең атақты, еңдәулетті санайтын бай-бағландардың көбі осы жерден киім алғанды мақтанышкөреді.  Ал осы сән базарында сатылатынбір ғана киім бағасына орташа айлық табатын қарапайым қазақтың өмір бойы жиғандәулеті де жетпейді.  

Әлбетте, мұндайқымбат нарыққа еңсесін тіктеп, сеніммен аяқ басқан қандасымыз кім еді дегенсұрақтың туындайтыны заңдылық. Ашық ақпарат көздеріне қарағанда,  Рустина Сүлейманова «ҚазТрансГаз» АҚ басқарматөрағасы Рустам Сүлеймановтың әйелі. 1987 жылы туған. Жолдасынан 14 жас кіші. Күйеуі РустамСүлейманов Қазақстанның газын ішкі және сыртқы нарыққа өндіретін ең ірікомпанияға 2015 жылы басшылыққа келіпті. 

Рустина Сүлеймановатуралы қазақстандық сегментте бұдан өзге ақпарат аз. Дегенмен, ол бірнеше жылбұрын Литербасылымына сұхбат беріп, әлемдік сән индустриясын бағындырғысы келетінінайтқан. Және сол арманына жетіп те қалған секілді. Ол өзінің топтамаларын жабық іс-шаралардакөрсетіп тұрады.

Айта кетерлігі,Рустина Сүлейманованың жазбасын оқығаннан соң біз Париждегі қымбат бутиктіңиесін білу үшін мекен-жай көрсетілген жазбадағы телефон нөмірін теріп, сәнәлемінің астанасына қоңырау шалдық. Алайда, француздар күні бойы қазақтаршалған телефонды көтермей қойды. Арасында «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Рустам Сүлеймановтың баспасөз хатшысына хабарластық.  Ол жазбаша ресми сауал сұрады. Сұрағанынжазып жолдаған соң, Рустина Сүлейманованың өзіне қоңырау соғып едік, телефонынбұ жолы көтере қалды.  Көтерді де,«жіберген  сауалдарыңды білем, ертеңжауап береді» деп күйеуі әлде күйеуінің баспасөз хатшысы үшін жауап қатты. Яғни,осы аралықта біздің сұрағымызға өзара ақылдасып үлгерген екен.

–Бұл бутик менімен бірге жұмыс істегісі келді. Бізолармен келісімшарт жасастық. Парижде олар менің киімдерімді (сатуға) қояды.Олар менің (тіккен) киімдерімді көрді. Таныстыру үшін жібергем.  Бұл бутик Париждің қақ төрінде Montaigne –деорналасқан, онда менің ғана емес, Вероники Жанви және басқалардың коллекцияларықойылған. Бұл жекеменшік бутик емес. Мультибренд бутик! Бірнеше бренд қойылады.Тағы да қайталап айтамын, бұл менің магазинім емес. Олар менімен жұмыс істегісікелді. Ондайлар – менімен жұмыс істегісі, менің киімімді қойғысы келетіндеркөп. Бұл біздің, қазақстандық дизайнерлердің табысы деп білем,– деді РустинаСүлейманова.

Рустина Сүлеймановаайтқанындай, бүгін редакциямызға оның күйеуі «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасыРустам Сулеймановтың атынан бір ауыз жауап келді. Онда «Париждегі Авеню́ Монте́нь, 51 мекен-жайындағы  сауда бутигі менің зайыбымның меншігі болыптабылмайды» делініпті. Бұл жауапты «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасыныңқуанышпен әлде өкінішпен жазғаны бізге белгісіз. Бірақ, оның жары Париждіңатақты ауданында жеке сауда бутигім жоқ деп еш қамықпайды.

Рустина ханым қазір SS20 атты жаңа колекциясын дайындап жатыр. RUSTINA жаңа бренді 1915 жылы Коко Шанельдің өзі ашқан Chanel, 1945 жылдан бергі Christian Dior, 40 жылдық тарихы бар Gianni Versace сияқты сән әлемінің серкелерімен «бәсекелес» болмақшы. Рустинаханымның бұл бастамасына сәттілік тілейік. Қалай десек те, сән бизнесі газ өндіру,газ сатудан қарағанда айтарлықтай ауыр ғой.

(басты фото көрнекі сурет)

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Сайт әкімшілігі 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16