ҚазҰУ-дың жерін «жеп» қойған кім?

Әділ АҚЫЛБАЙ

08.01.2021, 10:41

3045

Қазақстандағы кәдімгі «жер жегіш» жемқорлардың жауы, жершіл заңгер Бақытжан  Базарбек кезекті шу шығарып отыр. Құжаттарды тіміскілеп зерттеген ол еліміздегі ең жетекші ЖОО-лардың бірі, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі болған үлкен аумақтың университет меншігінен «қашып кеткенін» әшкерелеп жіберді.

      Алматының бұрынғы екі әкімінің екі түрлі қаулысында жер телімінің көлемі екі түрлі етіп көрсетіліпті. Заңгер осыны да байқап қойыпты. Бұл байқаусызда кетіп қалатын, құжатта болуы мүмкін қателікке мүлдем ұқсамайды. Мәселен, Ахметжан Есімовтің 2012 жылғы 30 қаңтардағы қаулысында ҚазҰУ жерінің учаскесі 73,2662 гектар деп көрсетілген. Одан кейінгі әкім Бауыржан Байбектің 2017 жылғы 2 қазандағы қаулысында әлгі учаскенің аумағы 72,4872 гектар болып кеткен, оның ішінде ҚазҰУ-дың үлесіндегісі 71,4220 гектар жер деп тұр.«Университетке тиесілі жердің аумағы қалайша өзгеріп кеткен? Сонда жаңағы 0,8 гектарға жуық жер қайда кетті?» деген сауал тастайды заңгер.        Бұл дегеніңіз – жер телімінің құжаттарында өзгерістер болғанын білдіреді. Ал ондай өзгерістер жер құрылымын өзгерту туралы жобаны әзірлеу мен жердің мемлекеттік актісін жаңартуды талап етеді. Сонымен, 2017 жылы жер құрылымын өзгерту туралы жоба әзірленіп, оны ҚазҰУ мен Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы бекіткеніне еш күмән қалмайды.

      Бұл арада туындайтын сұрақ: жер комиссиясына ҚазҰУ тарапынан бұл құжаттарды өткізген кім? Сол «біреу» басқа «біреудің» пайдасына ҚазҰУ-дың жер телімінен бас тартуы тиіс болған. Әлгі «біреулердің» кім екенін анықтауға шенеуніктер батпай отырған сияқты. Ал Қазақ ұлттық университеті өз меншігіндегі жерді өз бетінше ойына келген біреулерге бере алмайды, мұндайда оған білім және ғылым министрлігі тарапынан келісім керек.

      Ендігі сұрақ: білім және ғылым министрлігіндегі әлгі «рұқсат бергіш» кім екен? Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек базасын ашсақ, қазір ҚазҰУ-ға тиесілі болған жер телімінің аумағында үш түрлі жер телімі қонжиып үлгеріпті: бірі шаштаразға, екіншісі дүкенге және үшіншісі халыққа қызмет көрсету мақсатындағы жер телімі болып тұр. Олар қалайша университет жерінде пайда болған? Аты дардай министрлік атақты ҚазҰУ қалашығының жерін дүкен мен шаштаразға қалайша бере салады екен? Бұл жерде бір гәп жатыр-ау.

       2017 жылы 3 тамызда Алматының жер телімдерін беру жөніндегі комиссиясы отырыс өткізген. Отырыс хаттамасына сай, біріншіден, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «жер учаскесінің аумағын кішірейту мен шекараны өзгерту» құқығы берілген. Бұл мәселені жер комиссиясы кәдімгідей қарастырып тастаған. Былайша айтқанда, ҚазҰУ-дың бір басшысы немесе бір өкілі, қысқасы, бір «лауазымды тұлғасы»  Жер кодексінің 43-бабына сай, Алматы әкімдігіне жүгініп, «жер учаскесінің аумағын кішірейту мен шекараны өзгерту» туралы өтініш берген сияқты. «Бұған 2017 жылы білім және ғылым министрлігінде қызметте болған біреулердің қатысы болуы бек мүмкін», – деген заңгер министрлікке өз сауалдарын жолдап отыр.

      Біз енді министрліктің жауабын күтеміз, егер жауап берсе… Жер заңгері бұл зерттеуді соңына дейін жеткізе алады деп сенеміз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31