ҚазҰУ жерін сатқан қай дөкей?

  «Мистер М»дегеніМұстафаев екен

Әділ АҚЫЛБАЙ

06.04.2021, 08:53

2569

     Қазақстанның бас прокуратурасы «Алматы әкімдігі ҚазҰУ жерін сатып, заңды бұзды. Бірақ біз шарасызбыз» дегендей жауап беріпті «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары жолдаған сауалға.

       Қазақстан Республикасы бас прокурорының міндетін атқарушы Б.Асылов берген жауапқа қарасаңыз, еліміздің бас құзырлы органы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жерінің 1,8 гектарға азайып қалғанын растайды.

Прокуратура тіпті ҚазҰУ жерінің кімнің қолына өткенін де ашық көрсетеді:

«30.01.2012 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен университетке алаңы 73,26 га жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығы берілгені анықталды. 02.01.2017 жылы қала әкімдігі көрсетілген учаскенің шекарасын түзету туралы қаулы қабылдаған, онымен жердің алаңы 1,8 га азайтылды. Учаскенің азайтылған бөлігі «Omirex» ЖШС-нің – 0,74 га, коммуналдық қызметтердің («Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ») – 0,56 га және 0,52 га Ш.А.Мұстафаевтың қарамағына өтті», – дейді прокурорлар өз жауабында.

       Прокуратура «Ш.Мұстафаевтың жер үлесі университеттің өндірістік үй-жайларын көпшілік сауда-саттықта сатып алу нәтижесінде пайда болды» дейді. Алайда «Omirex» ЖШС-нің 0,74 га жерін Алматы әкімдігі кезінде Жер кодексінің 48-ші және 82-баптарын бұза отырып, сауда-саттықсыз және университеттің жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін бергенін нақтылайды. Бірақ жер заңнамасының бұзылуын тексеруге келгенде прокуратураның артқа қарай жүретін «задний скорысы» қосылып кетті:

«Бұл заңбұзушылықтардың құқықтық бағасын ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті береді, біз бұл арада түк істей алмаймыз», – деген прокуратура ат-тонын ала қашты.

      Ендеше қызықтың бәрі енді басталады. Заңгер Бақытжан Базарбек, журналистер Серік Абас-Шах пен Михаил Козачковтар ҚазҰУ жерін жегендердің «қанын ішіп», бұл істі соңына дейін жеткізбек.

Тегтер: жер сату ҚазҰУ заңбұзу құқық жер ресурсы бақылау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 17:58
Алматыда сакура ағаштарын отырғызды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27