Қазына қаражатына қол салған

23.07.2020, 06:36

501


Қарағанды облысында мемлекет қаражатынқолды еткен шенеуніктердің ісі әшкере болды

     Ауыл шаруашылығы басқармасының қаржы,бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Сәуле Асқарова мен бюджет және қаржыландыруды жоспарлау жөніндегі  бас маман АлтынТойшыбекова келісіп, төрт жыл бойы қазына қаражатын ұрлап келген.  Сот барысында Сәуле Асқарова мен  Алтын Тойшыбекова қаражатқа қол сұғуларына материалдықжағдайларының төмен болуы мен жалақыларының мардымсыз болуы әсер етті дептүсінік берген.

     Істі болған мамандар 2016 жылдың ақпанынанбастап өздеріне құпия түрде ақша аудара бастаған. Екеуі қолдарына түскенқаражатты екіге бөлген, негізінен, ақшаның басым бөлігін бөлім бастығы алып отырған.  Шенеуніктер қаражатты үнемделген еңбекақы қорынан,мамандарға төленбей қалған «еңбекке жарамсыздық» қағазы есебінен шамамен айына екі рет өздеріне ақша аударған. Ауыл шаруашылығы басқармасындағы екімаман төрт жылдың ішінде 16 млн 980 мың теңгені қалталарына басқан. Бір қызығы,олар оңай жолмен келген ақшаны банк карточкаларына  еш қымсынбастан аударыпотырған. Олардың ұрлығын 2019 жылы қазанда ревизиялық комиссия жоспарлы тексеружүргізгенде анықтапты. Олар өз істері әшкере болған соң, банктен несие алып,мемлекет қаражатын толық қайтарған. Қазыбек би аудандық сотының  судьясыӘлия Жошеваның  шешімімен  Сәуле Асқарова мен Алтын ТойшыбековаҚылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды.
      Ауыл шаруашылығы басқармасыныңмәліметінше,  сотқа дейін екі шенеунікке қатысты қызметтік тексеружүргізіліп, оларды  лауазымдарына сай емес деп жариялап, тәртіптік жауапкершіліккетартқан. Сонымен қатар облыс әкімінің ұйғарымымен толық қадағалау жасай алмағанбасқарма басшысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Темір торға қамалғаншенеуніктер енді  өмір бойы мемлекеттік қызметке тағайындалмайтын болды.

АрайлымЕРКЕБАЕВА

Қарағанды облысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 16:17
«Ашықсыз» аш қаламыз ба?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 13:00
Сақалды құрылыстардың саны көп
Бифат ЕЛТАЕВА 11:12
Қор болған Қазақстан
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:11
Қазақстанда қанша жемқор жүргені белгісіз
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06