"Қиыны әлі алда" АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді

Сайт әкімшілігі

26.10.2020, 03:20

735

23 қазанда АҚШ-та пандемия басталғалы бері бір тәулікте коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша антирекорд тіркелді — 80 мыңнан аса науқас. Бұл туралы CNN Джонс Хопкинс атындағы университетке сілтеме жасап хабарлады. 

Телеарна мәліметінше, жаңа антирокордпен қатар ауруханаға жатқызылғандар саны мен елде бір күнде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар да артқан.  

Сонымен қатар, сарапшылар «ең жаманы әлі алда екенін» ескертеді. АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамстың айтуынша, ел бойынша ауруханаға жатқызылғандар саны 75 пайызға өскен. Шенеуніктер бірнеше аптадан кейін қайтыс болғандардың да саны күрт ұлғая ма деп қорқып отыр. 

Адамстың айтуынша, жақсы жаңалық та бар. Дәрігер ел бойынша COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бірнеше факторға байланысты 85 пайызға азайғанын айтады. Оның ішінде, ремдесивир мен стероидты қолдану және науқастармен тиімді байланыс орнату факторы да бар.

АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи елде COVID-19 жұқтырғандар саны күн санап артып бара жатқанына алаңдап отыр. Ол адамдарды вирус таралуының алдын алуға арналған шараларды екі есе ұлғайтуға шақырды. 

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 8 581 574-ке жеткен, 224 912 адам қайтыс болған.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29