ҚМГ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Сайт әкімшілігі

25.04.2022, 13:11

970

Сәуір айының 23-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бөлімшелерінің мамандары жалпықалалық сенбілік жұмыстарында белсене қатысты.

Таңғы сағат 9:00 басталған іс-шараға 100-ден астам жиналған компания қызметкерлеріне алдымен қауіпсіздік бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, арнайы жұмыс жоспары таныстырылды. Қызметкерлер Қосшы қаласына жеткізетін жол бойындағы 3 шақырымдық орман белдеуін түрлі қоқыстардан тазартып, аумақты толықтай ретке келтірді. Аталған сенбілікте компания бөлімшелері қызметкерлері белсенділік танытып, ұжымдық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шараға жиналғандарға арнайы құралдар (күрек, тырма, қолғап және қоқыс салатын қаптар) таратылды.

«ҚазМұнайГаз» қоршаған ортаны қорғау ісіне үлкен мән береді, ал қаламызды қоқыс пен табиғи үйінділерден тазарту жұмыстары мұның бір дәлелі деп есептеймін. Жыл сайын біз жалпықалалық сенбіліктер және басқа да экологиялық іс-шараларға белсене атсалысып жүрміз. Сондай-ақ бірнеше экологиялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Соның бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытының маңындағы ауданы 860 гектар булану алқаптарын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар», — деді ҚМГ еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Қайрат Сақтағанов.

Сонымен қатар, Ұлттық компания 2024 жылдың соңына дейін құрамында мұнай қоспалары бар қалдықтарды кәдеге жарату және қызметін жүргізіп жатқан  аймақтардағы мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстарын аяқтайды. Компания бұған дейін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен жасалған ынтымақтастық туралы тиісті   меморандумға қол қойған болатын. Мәселен, 2019-2021 жылдар аралығында атқарылған жұмыс көлемі 1,4 млн тоннаны соның ішінде меморандум бойынша 1 млн тоннаны құрады..

Еске сала кетейік,  «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында  2021 жыл қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына көңіл бөлуді арттыру мақсатында Экология жылы деп жарияланған болатын. Биыл және одан кейінгі жылдары компания қоршаған ортаға  кері әсерін азайтып, экологиялық жауапты  компания ретінде өз жұмысын жалғастыруды көздеп отыр.

Тегтер: сенбілік қызметкеркер КМГ

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01