Қоғам белсендісін өлтірген кім?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

03.06.2021, 08:52

3760

    Жаңаарқалық қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты іске сотта соңғы нүкте қойылды.

       Өз үйінің алдында өлтірілген қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс екі жылға жуық уақыт тергелді. «Ғалы Бақтыбаевты өлтірді» деген күдікпен Жаңаарқа ауданының тұрғындары Азамат Букенаев, Ғалым Ахмеджанов, Иман Мияшев, Эльдар Жакен сот алдында жауап берген болатын. Бұл істі алқабилер соты қарады. 

Үкім шыққанға дейін төрт күдіктінің туыстары сот ғимаратының алдына жиналып, тергеудің әділ өтпегенін, туыстарын жазықсыз қамап тастағанын айтып наразылық білдірген еді.    

   Тергеу мәліметіне сәйкес, марқұм Ғалы Бақтыбаев Ахмеджанов және Букенаевпен араз болған, өз араларында бірнеше рет келіспей қалған, жанжалды жағдайлар орын алған. Араздықтың салдарынан олар Ғалы Бақтыбаевты соққыға жығуды ұйымдастырған.

Олардың тапсырмасын Эльдар Жакен мен Иман Мияшев орындаған. Тергеу орындары келтірген мәліметке сәйкес, Ғалы Бақтыбаев соққыға жығылған соң, Букенаев пен Ахмеджанов Мияшевқа оны өлтіруге тапсырыс берген. Олар ақша бермек болған. Иман Мияшев бұл ұсынысқа келісіп, 2019 жылғы 28 мамырда түнде ауызашардан  үйіне қайтып келе жатқан Ғалы Бақтыбаевты дәл үйінің алдында атып өлтірген.

Бұдан басқа, 2018 жылы 22 желтоқсанда Мияшев Атасу кентінде Е.Сейсембаев пен Ж.Дикопқа қатысты бұзақылық жасаған және 2019 жылы Степногорск қаласында О.Рахимовқа қастандық жасады деген мәліметтер сотта айтылған болатын.        Қылмыстық істі қараған алқабилер соты құрамында 10 қатысушы алқаби мен бір судья болған. Алқабилер үкім кесер кезде барлық күдіктілерді Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты кінәсіз деп тауып, ақтап шығаруға дауыс берген.

Сонымен қатар алқабилер соты Мияшевті Рахимовтың өміріне қастандық жасады және заңсыз қару сақтады деген айып бойынша кінәсі жоқ деп шешті.  Ал Мияшевтің Сейсембаев пен Ж.Дикопқа қатысты бұзақылық жасады деген істе және Жакен мен Мияшев Ғалы Бақтыбаевтың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа деңгейде зиян келтірді деген айып бойынша қылмыстары дәлелденді деп есептеді.       Алқабилер соты үкімімен Иман Мияшев бес жылға сотталды. Ал Эльдар Жакенге үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Алқабилер жазықсыз ұсталғандарды осылайша ақтап шықты, алайда қоғам белсендісін кім өлтірді деген сұрақ жауапсыз қалған тәрізді.

Тегтер: қоғам белсенжісі сот қылмыс жаза

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39