Қоғамдық Кеңесте Қошановты мақтап тастады

03.04.2019, 18:17

56

Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Көктем келе шұрқ-тесік болатын қала көшелері бірінші болып айтылды. Қоғамдық кеңестің мүшесі, журналист Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА жолға бөлінген қаржының көптігі сапасына неге әсер етпейтінін алға тартты.

«Қарағанды облысы бойынша өзекті мәселенің бірі — жолдар. 2018 жылы 45 млрд теңге қаржы бөлінген. Өте көп қаражат. Жыл сайын тұрақты түрде бөлініп тұрады. Бірақ жолдың сапасы бір қыстық болады. Қалай қар кетеді  жолдырымыз ойқыш-ойқыш болып қалады. Бұл жолдарды қабылдап алған адамдар неге жауапкершілікке тартылмайды? Осы жолдардың сапасын бақылайтын органдар бар ма?»

Өз жұмысынбілетінін аңғартқан облыс басшысы жолдардың сапасы бір қысқа ғана жетедідегенге қарсылық білдірді.

«Өзім де осы мәселе туралы қай жерден бір түсіндіріп айтсам деп жүр едім. Рахмет, сұрағыңыз өте орынды. Бұл қала тұрғындарын толғандырып жүрген мәселе ғой. Әлеуметтік желіде де талқыланып жатады. Біріншіден, жолдар жасалынғаннан кейін бір қыстық болып жатыр дегенмен мен келіспеймін. Соңғы екі жылда салынған жолдар туралы айтайық. 102 жол салынды. Соның қар кеткеннен кейін барып ақауларын тексерттім. Он шақтысында ақаулар бар. Енді онсыз болмайды. Біздің климатымыз сондай», — деді Ерлан ЖАҚАНҰЛЫ.

Шұрқ-тесік жолдарды үлкен проблемаға жатқызбаған облыс әкімі осыдан кейін журналистердің сынына ілігемін-ау деп алаң да білдірді. Оның ішінде Жас АЛАШтілшісінің сыны есінде көп қалғанға ұқсайды.

«Ол бір керемет ақаулар (ойқыш жолдарды айтып отыр) емес, оның барлығының кепілдік мерзімі бар. Мердігерлер өз қаржысына, өз күштерімен осы сәуір айының үшінші декадасында тез арада жөндейді. Мен ойлаймын, ондай болады енді. Мені тағы да журналистер сынайтын шығар осы сөзім үшін. Мені АЙМАН деген қарындасым сынаушы еді, енді Ләззат сынайтын болды», — деп Ерлан Қошанов езу тартты.

Қоғамдық кеңестің жиынында жеті жылдан бері құрлысы бітпей келе жатқанбалалар ауруханасы да айтылды.

«Өкінішке қарай балалар ауруханасы 2011 жылдан бері салынып келе жатыр. Жеті жыл болды. Әлі құрылыс аяқталған жоқ. 2015 жылы аяқталуға тиіс құрылыс сол жылы аяқталмады. Одан кейін, қымбаттауға ұшырады, сонымен әкімшілік сотқа беріп, сот процедураларымен біраз созылды. Былтырғы жылы сот аяқталды. Енді  қазір мердігермен келісім-шартты бұздық. Енді жаңа мердігерге байқау жариялаймыз. Сондан кейін барып осы құрылысты аяқтайтын боламыз. 5 мрлд теңге көлемінде игерілген. Аурухананың дайындығы өте биік деңгейде. Бірақ, өкінішке қарай ішіне қоятын құрылғылар өте қымбат», — деді әкім.

Неге екені жиынды жүргізген Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ осындай маңызды сауалдарды ысырып тастап, басқа сұрақтарға көшуге асықты. Қайта Ерлан ЖАҚАНҰЛЫ қойылған сауал жауапсыз қалмауы тиіс деп жол мен аурухана сынды маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды.

Жалпы, Қоғамдық кеңестің мүшелері аса белсенді бола қойған жоқ. Көбі тыңдаушы ретінде ғана отырды. Қоғамдық кеңестің тізімін облыс әкімінің орынбасары Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ бастап «Нұр Отан» партиясының жергілікті басшылары мен өкілдері Қадиша ОСПАНОВА, ҚР Мәжіліс спикері Нұрлан НЫҒМАТУЛИННІҢ бауыры Арғын НЫҒМАТУЛИН, жергілікті «Жас Отан» жетекшісі  Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, Қарағанды мен Жезқазған мәслихатының хатшылары және пропрезиденттік партиялардың өкілдері барын ескерсек бәрі де түсінікті.

Тіпті Қоғамдық деп аталатын бұндай кеңестен мақтау сөз естімей шығу  мүмкін емес қой.

«Құрметті Ерлан Жақанұлы, сіз осы жаңағы баяндамаңызда бүкіл күрделі мәселелердің басын қосып, бәрімізге жауап бердіңіз. Бір мәселе шешердің алдында біздің байқағанымыз, сол барған жердің бүкіл жағдайын қарап, содан кейін ғана бір шешімге келіп тапсырма бересіз. Мен өз басым осы екі жылдың ішінде сондай көп деген мәселелердің сіздің шешкеніңізді білемін. Оның ішінде Қазыбек би бабаның 350 жылдығында кішкентай ғана Егіндібұлақ ауданына барып, одан кейін Теректіге барып, ол жердің жағдайын көріп, лас болып жатқан кішкентай ауылды тазартып бердіңіз. Бүгінгі жағдайы тіпті бұрынғымен салыстыруға келмейді. Сол сияқты, жол мәселесі. Бұқар Жырау ауданында былтыр көптеген мәселелер шешілген. Басқа аудандарда, мына Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласы, Сәтпаев қаласындағы көптеген мәселелерді шешкеніңіз халықтың көңілінен шығып, халықтың ризашылығына бөленіп жүргеніңізді мен сізге жеткізгім келеді. Шынында да тағы бір мәселені алсаңыз да міндетті түрде шет қалмайды ол мәселелер. Сіздің бес сағат бойы халық алдында тапжылмай есеп бергеніңіздің өзін де айтуға болады. Сіз әр адамның мәселесіне бей-жай қарамай, әрқайсысын тыңдадыңыз. Тапсырма бердіңіз», — деді Қоғамдық Кеңестің мүшесі Рымбала ОМАРБЕКОВА.

Сонымен қатар, мемлекеттік қауіпсіздігіне алаң білдірген «Қарулы күштердің ардагерлері» кеңесінің төрағасы Амангелді ЖАНТАСОВ әскерге шақырту бойынша жергілікті органдар тиісті жұмыс жасамай отыр деді.

«Қорғаныс күштеріне әскерге шақырту мәселесіне тоқтала кеткім келіп отыр. Қазіргі таңда әскерге шақырту жүріп жатыр. Менің қолыма мынадай мәліметтер түсті. Қарағанды облысы бойынша сарбаздарды әскерге шақырту өте қиынға түсіп жатыр екен. Жастар әскерге барудан қашады. Әкімшіліктегілер керекті жұмыстарын атқармай отыр. Заң бойынша, қорғаныс күштеріне шақырту жергілікті атқарушы органның жауапкершілігінде. Бүгінгі таңда екі әскери шекара наряды жиналмай бұзылды. Көтерілген мәселе өте өзекті. Мемлекеттің қауіпсіздігін сақтауға қатысты. Сондықтан, мен осы мәселеге назарыңызды салсаңыз деп өтінемін, Ерлан Жақанұлы».

Әкім осыған қатысты бірден селекторлық жиынның ұйымдастыруына тапсырмаберді.

«Бұл мәселені бұрыннан көтеру керек еді. Әрине, бұл біздің жұмыс. Ертеңге, Жанат Маратович, осы мәселе бойынша селеторлық  жиналыс ұйымдастарыңыз. Бұл мәслелені жергілікті билік те және сіз де жүргізулеріңіз керек. Сапалы және уақтылы. Барлығымыз бірге бұл жұмысты атқаруымыз керек», — деді Қошанов.

Сонымен қатар, аппараттық жиынның ашықтығы және ешқандай БАҚ өкілдеріне тосқауыл болмайтынын Қошанов мырза кесіп айтты.

«Дүйсенбі күні біздің аппараттықотырыстарымыз болады. Оған ешбір журналистке шектеу жоқ.»

Айтпақшы, облыс басшысы президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сөзінен кейін халыққа бір табан жақын болу мақсатында «Твиттер» әлеуметтік желісінде өз парақшасын ашқан. Сол жерде өзі айтпақшы «Айман қарындасы» «сынға деген көзқарасыңыз қандай?» деген сұрағын қойған еді. Алайда, қолының босамауынан ба, жауап жазылмады. 2016 жылы шенеуніктерге жұмыс уақытында смартфондарды қолданбау туралы бұйрық шыққан. Бәлкім, әкім мырзаға қос бұйрықтың ортасында «Твиттерді» қолдану қиын болып жатса керек.

Фотолар автордікі.   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05