Қоғамдық кеңестен шу шықты

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.07.2022, 14:36

2083

«Депутаттар қоғамдық кеңеске өз адамдарын алады».

Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесі төңірегінен қашанда дау-дамай арылған емес. Осы жылы 2 наурызда Қарағанды қалалық қоғамдық кеңесінің үшінші құрамы бекітіліп, оған 30 адам өткен болатын. Сондай-ақ бес адам резервқа алынған екен. Дегенмен Қарағанды қаласының бір топ белсенділері қалалық мәслихат хатшысы, қалалық қоғамдық кеңес жұмысында әділетсіздікке жол беріп отыр деп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үндеу жолдады. Белсенділер зейнет жасына жетсе де биліктен кетпей отырған депутаттардың қоғамдық кеңес жұмысына араласып, өз адамдарын тағайындауын әлі тастаған жоқ деп наразы болды. Олардың айтуынша, қоғамдық кеңеске төраға болып сайланған Сұлтан Медеубаевты кеңестің кейбір мүшелерінің ауызша арызы бойынша деген желеумен еш дәлелсіз орнынан алып тастаған.

«Отыз жыл бойы өз айтқандарын істеп, қоғамдық кеңестер мен мәслихаттарды өз адамдарымен толықтырған ағаларымыз кедергі жасап, дауыс беріп, заңсыз тұрғыда Сұлтан Медеубаевты төрағалықтан алып тастады. Бұл жерде біздің наразылығымыз бір ғана адамның орнынан алынуынан емес, бүкіл қазақ халқының жаңа референдумға деген ұмтылысына балта шабу әрекеттерінен болып тұр. Олардың жасамаған жұмыстарын жастар қолға алып жатқаны жақпады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Сіздің бастаған референдумыңыз Астана төрінде қалды. Телеарнадан көріп жүрген, естіп жүрген референдум ол жергілікті жерлерде, аймақтарда «княздардан» аспай жатыр», – деп мәлімдеді үндеуде қоғам белсенділері.

Белсенділер қалалық қоғамдық кеңес жасақталған кезде журналистер мен блогерлерді әдейілеп мүшелікке алмаған еді дейді. Енді қоғам белсенділері: «Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесі таратылып, жаңадан сайланса, олардың құрамына журналистер мен тәуелсіз сарапшылар тағайындалса» деген талаптарын жолдады.

Үндеу жолдағандардың айтуынша, депутаттардың тамыр-танысынан, ығай мен сығайдан жасақталған қоғамдық кеңес мүшелері нақты қаланың дамуына жандарын ауырта қоймайды, тек қаражат бөлінген кезде «неге анаған бөлінбейді, мынаған неге қаражат берілмейді» деген сөзден әріге бармайды, – дейді. Осылайша, Жаңа Қазақстаннан дәмесі бар бір топ қоғам белсендісі президенттен қолдау күтіп жүр.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 15:11
ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49