Қоғамдық монша індет ошағы ма?

06.05.2020, 21:58

5

 Коронавирус инфекциясының таралуынажол бермеу жөніндегі жедел штаб карантин кезінде спорт нысандары, фитнес, йогажәне массаж орталықтары, СПА салондар, аквапарктер, қоғамдық моншалар,бассейндер мен бірге сұлулық салондардың жұмыс істеуіне тыйым салды.

Енді 4-ші мамырданбастап СПА салондары мен сұлулық салондарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді.  Бірақ жедел штаб  қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне әлі  рұқсат бермей отыр. Бұған қатысты эпидемологмамандарға «біз осы карантин жағдайында тазалықты ұмытып кеткен жоқпыз ба,сұлулық салондарын іске қосқан арнайы комиссия қоғамдық моншаларға неге жұмысістеуіне рұқсат бермей отыр» деген сауал тастадық. Бұл ретте біздіңсауалымызға жауап берген инфекционист, вирусолог Айдана Терлікбаева:

— Коронавирус инфекциясының статистикасына қарап отырып,бірқатар жұмыс орындарының ашылуына рұқсат етілді. Індет бойынша егер сәуірдеорташа өсім 15-16% болса, соңғы екі аптада ол 7% -дан аспады, ал соңғы 3 күнде- 4%. Сондықтан мемлекеттік комиссия  бірқатар жұмыс орындарын аша бастады. Ал ендімонша, бассейн тәрізді орындарда инфекция, вирус әдетте кең таралады. Тіптіиммунитеті төмен жас балалар моншаға барса түрлі тері ауруларын да жұқтырыпалып жатады. Қанша жерден талапты сақтауы керектігі айтылса да, қоғамдық орынболғаннан кейін ол жерлерде тазалық, дизенфекция жұмысы сақтала бермейді.Осыдан кейін болар әзірге мұндай қоғамдық орындар ашылмады.  Бұған қол жеткізген күннің өзінде  халық мамандардың ұсынған кеңестеріне құлақтүріп, айтқан шараларын орындауы керек,-дейді.

Жалпы, маман карантиндік режим ашылған күннің өзіндеқоғамдық монша, бассейін тәрізді жерлерге бармай тұра тұруға шақырады. Өйткеніолардың үнемі тазаланып, дизенфекцияланып тұратынына күмән бар.

 «Бұлқызмет көрсету орталықтарының кейбірінде ауа желдеткіштері дұрыс істемей тұрғанболса тіптен қауіпті»,-дейді маман.

Вирусологтың пайымынша, кез келген вирус жабық нысандаадамнан адамға тез алмасады. Ал денесін сергіткісі келген адам, бассейнгенемесе моншаға жарты сағатқа барып қана қоймайды. Ол жерде адам кем дегендеекі-үш сағат уақытын өткізуі мүмкін. «Сондықтан карантин мерзімінен кейін де мұндайкөпшілік орындарға баруға кеңес беру қиын» дейді маман.

Шаштараз, сән салондарында адамдар бұлай бөгелеқоймайды. Осының барлығын есепке алып барып, олардың жұмыс істеуінерұқсат беріліп отырғанын алға тартты мамандар.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34